Fake News

Фейк: «АИТВ вирусы жоқ»

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда АИТВ-диссиденттілік идеялар таратуда. Пайдаланушылар АИТВ ЖИТС-тың туындауына себеп бола алмайды, бұл мүлдем ештеңе емес, өйткені ол жоқ деп жазады. Бұл ауру қаншама адамның өмірін қиған, сондықтан бұл жаңсақ пікір.


АИТВ диагнозы алғаш рет 1981 жылы қойылды. Ол кезде ғалымдар ауруды инфекциялық агент қоздыруы мүмкін деп пайымдаған. Сонымен қатар, адам ретровирусын зерттеген ғалымдар тобы патогендердің нақ осы түрі иммундық тапшылықты тудыруы мүмкін деп болжады.
1983 жылы Париждегі Пастер институтының Люк Монтаньенің тобы АИТВ-1 анықтады. Белгіленген әдістерді қолдана отырып, олар Франциядан келген 33 жастағы гомосексуалдық пациенттің лимфа түйінінің биопсиясынан лимфаденопатия сияқты ЖИТС-тен бұрын пайда болатын (кейіннен ЖИТС) белгілері бар Т жасушаларын өсірді.
1984 жылы Мэриленд штаты Бетезда қаласындағы Ұлттық қатерлі ісік институтында Роберт Галлоның командасы 48 науқастан АИТВ-1 бөліп алып, вирус ЖИТС-тің себебі болып табылатынын айтты. 
Қазіргі кезде АИТВ вирусы толық сипатталған. Патогеннің микроскоп астындағы суреттері көпшілікке қолжетімді.
Бұған қарамастан, АИТВ-диссиденттер – вирустың және аурудың өзінің бар екенін теріске шығаратын адамдар бар, олардың пікірінше, мұның барлығы жаһандық қастандықтың нәтижесі. Мұндай ұстанымның себептеріне арналған бірқатар зерттеулер бар. Ғалымдар олардың негізгілері нақты елдердегі медицинаға деген сенімсіздік, қастандық теорияларына сенуге бейімділік, өз диагнозынан қорқу және қоғамда АИТВ-оң адамдардың стигматизациясы деп санайды.
Аурудың барын жоққа шығару көбінесе қайғылы жағдайларға әкеледі. АИТВ-оң адамдар көбінесе емдеуден бас тартады, нәтижесінде қайтыс болады.
АИТВ-диссидент ата-аналар осы аурумен ауырған балаларын емдеуден бас тартқан кезде жағдай күрделене түседі. 2017 жылы БАҚ-та анасы АИТВ-диссиденттік көзқараста болған үш жасар қыздың өлімі туралы хабарланды.
Ағымдағы жылы Ресейде, Кемерово облысында да осындай оқиға орын алды. 
Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясының көріністерін тоқтата алатын және патогенді тасымалдаушыларға толыққанды өмір сүруге және дені сау балалар тууға мүмкіндік беретін дәрілер бар. 
Демек, АИТВ жоқ деген теория қауіпті және ешқандай дәлелі жоқ кеңінен таралған жаңсақ пікір. АИТВ-диссиденттілік феноменін бүкіл әлем зерттеп жатыр, дәрігерлер, психологтар мен ғалымдар онымен күресуде. Конспирологиялық теорияларға сену және терапиядан бас тарту АИТВ-оң адамдарды өлімге әкелуі мүмкін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button