Fake News

Полиция Қызылордада жан-жаққа қашқан адамдардың видеосына түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Қызылордада түсірілген видео тарады. Онда жан-жаққа қашқан адамдар мен отшашудың атылғаны көрсетілген.

View this post on Instagram

Қызылорда қаласы…

A post shared by Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter) on

Жергілікті полиция облыс орталығында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 14 қыркүйекте шамамен сағат 23:00 Жақаев көшесінде жасөспірімдер отшашу атып, шулаған. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері 5 адамды ұстап, учаскелік пунктке жеткізді.

«Жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ», – деп хабарлады полиция өкілдері.

View this post on Instagram

14 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында облыс орталығындағы "Арбатта"(Жақаев көшесі) бiр топ балалар шу шығарып, от шашу (салют) атқан. Сол жерде патрульдік полиция қызметкерлерімен 5 кәмелетке толмағандар ұсталды. Олардың барлығы учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, жеке бастары анықталды. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары шақыртылып, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен хаттамалар толтырылды. Дене жарақатын алып, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға қатысты арыз – шағым түспеген. _ 14 сентября примерно в 23:00 часов, в областном центре на улице Жахаева несовершеннолетние шумели и стреляли салют. На месте происшествия сотрудники патрульной полиции задержали 5 подростков. Все они доставлены в участковый пункт, их личности установлены. С подростками проведена профилактическая беседа. В отношении родителей несовершеннолетних составлены административные протоколы согласно части 2 статьи 442 КоАП РК. Пострадавших нет. По данному факту заявлений не поступало.

A post shared by @ dp_kzo on

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button