Fake News

Фейк: «Германияда ұшақтардың ауыр металл шашатыны мойындалды»

Әлеуметтік желілерде жаһандық жылынуды тоқтату үшін атмосфераға ауыр металл шашатынын ашық мойындаған Германияда жанжал шыққаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайдың мән-жайын анықтап, оның қаншалықты шын екенін анықтайық.

Таралған хабарламаға неміс тіліндегі материалдың талдау нәтижелері ұсынылған нысанның фотосуреті тіркелген. Онда талданған материалда алюминий, барий және басқа металдардың бөлшектері табылғаны жазылған.
Бұл сурет алдымен неміс саясаткері және география ғылымдарының докторы Райнер Ротфусстың Telegram арнасында жарияланған. Ол өз дәрістерінің бірінде тыңдаушысы оған осы шаң талдауның бланкісін бергенін айтады. Тыңдаушының хабарлауынша, Жоғарғы Баварияның әскери әуе күштері басқармасы оған жаһандық жылынумен күресу үшін ауаға ауыр метал шашуға байланысты талдау нәтижесі осындай болып шыққанын айтқан.
Райнер Ротфус тыңдаушының сөзін растайтын ақпарат берген жоқ. Нақты қандай шаң талданғаны туралы деректер де, сондай-ақ Ұшулар басқармасының ұшақтан металл шашуды дәлелдейтін әңгіменің жазбалары немесе жазбаша жауабы да жоқ. Сонымен қатар, жергілікті жерге байланысты жай шаңнан да металдар мен минералдардың ізін табуға болатынын айта кеткен жөн. Бірер уақыт бұрын Қазнетте АҚШ-тағы Шаста тауының шыңындағы қарды талдау негізінде химтрейл теориясының «дәлелдері» ұсынылған фейк кеңінен тараған болатын. Онда да түрлі металдар мен минералдар табылған. Алайда, мамандардың айтуынша, таудың басындағы қардан табылған элементтерді таудың жанындағы жанартаудың белсенділігімен түсіндіруге болады.

Германияда ұшақтардың қауіпті заттар шашатыны туралы беделді ақпарат көздерінде хабарланған жоқ. SWR неміс жаңалықтар порталының хабарлауынша, мұндай теорияларды жалған. 
Неміс Климаттық консорциумының ресми сайтында да атмосфераға ауыр металл шашатын ұшақтар туралы айтылмаған.
Қорыта айтқанда, Германияда ауаға қауіпті заттар шашылатыны мойындалмаған. Таралған хабарлама дәлелсіз және манипуляция болып табылады, өйткені талдау нысанында нақты не көрсетілгені, материалдың қайдан және қалай жиналғаны белгісіз. Демек, тексеру нәтижесі, қандай болса да, ештеңені дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button