Fake News

Манипуляция: «COVID-19 қарсы вакцина миокардиттің даму қаупін 800 есе арттырады»

Танымал Telegram чаттарға қатысушылар Швейцарияда жүргізілген жаңа зерттеу туралы жазуда. Ол COVID-19 қарсы вакциналар жас адамдарда миокардиттің даму қаупін 800 есе арттыратынын дәлелдейді екен. Бұл жалған.


Бұл зерттеу Желіде жарияланған. Онда COVID-19 қарсы м-РНК вакцинасының үшінші дозасынан кейін миокардиттің даму жиілігі туралы айтылған. Авторлар өз жұмыстарының өзектілігін көп жағдайда вакцинация аясында дамыған миокардит статистикасына ауруханаға жатқызуды қажет ететін ауыр жағдайлар ғана кіретіндігімен түсіндіреді. Ал олар зерттеу есебіне сарысулық тропонин деңгейін өлшеу арқылы анықталған барлық жағдайларды, соның ішінде симптомсыз жағдайларды енгізген. 
Зерттеуге жалпы 835 адам қатысқан. Олардың ішінде 40 адамда тропонинин деңгейі жоғарылаған. 18 жағдайда бұған вакцинациямен байланысты емес оқиғалар себеп болған. Қалған 22 адамның кемінде 2%-нда жүрек-қан тамырлары аурулары болған.
Осылайша, зерттеу шеңберінде миокардиттің пайда болу жиілігі популяциядағы әдеттегі миокардит жиілігінен 2.8%-ға асып түскен.
Дегенмен, зерттеуде миокардиттің бұл жағдайларының қаншалықты ауыр болғаны және олардың нешеу симптомсыз болғаны көрсетілмегенін атап өткен жөн. Ресми статистикада миокардит тіркелген жағдайлардың көбі симптомды болып табылады, кейде тіпті ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Яғни, бұл екі көрсеткішті салыстырған дұрыс емес, өйткені жағдайлар әртүрлі болады.
Демек, вакциналар миокардиттің даму қаупін 800 есе арттырады деген ақпарат – манипуляция.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button