Fake News

Фейк: «Швецияда адам етінен жасалған гамбургерлер шығарыла бастады»

Әлеуметтік желілерде Швецияда адам етінен жасалған гамбургерлер сатыла бастағаны туралы жазылды. Осылайша, қоғамда каннибализм қалыпқа келтірілмек екен. Бұл жалған.

Хабарламада OUMPH! компаниясының гамбургерлері туралы айтылған! Бұл – өсімдік өнімдерінен қолдан жасалған ет шығаратын швед өндірушісі.
Компания 2021 жылдың қазан айында Хэллоуин мерекесіне орай «адам» етінен жасалған тағам ұсынған. Бұл ретте «адам етінің» соядан, саңырауқұлақтардан, бидай ақуызынан, өсімдік майлары мен дәмдеуіштер қоспасынан жасалғаны хабарланды. Яғни, котлетте адам еті де, басқа ет те болмаған.
«Адам етінен» жасалған гамбургердің ұдайы шығарылмайтынын айта кеткен жөн. Бұл – 2021 жылы Хэллоуин мерекесіне орай әзірленген тағам. 
Демек, Швецияда адам етінен жасалған гамбургерлер сатылатыны туралы хабарлама – фейк. Шын мәнінде, онда қолдан жасалған ет туралы айтылған, оны Хэллоуин мерекесіне орай «адам еті» деп атаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button