Кибер-алаяқтар қазақстандықтарға тегін велосипедтер ұсынуда
Facebook-те 900 бренд тегін велосипед таратылатыны туралы ақпарат жарияланды. Олар Сызылып қалған жерлері болғандықтан сатылмай қалған, енді жай таратылып берілмек. Мұндай жарнамаға неге сенбеу керектігін түсіндіріп берейік.
Жарнама 2023 жылдың 5 сәуірінде ашылған Trek Bicycle Fans атты парақшада шыққан. Аккаунттың аватарында велосипедтер мен спорттық киімдер шығаратын Trek компаниясының логотипі пайдаланылған.
Бұл ретте Trek компаниясының ресми сайтында да, Trek Bicycle Fans емес, Trek Bicycle деп аталатын Facebook-тегі ресми парақшасында да 900 велосипедті тегін тарату туралы ақпарат жоқ.
Тегін велосипед алуды ұсынған парақшада барлығы осы хабарламаны таратып, мекен-жайы профильде көрсетілген сайтта тіркелуі керек делінген.
Бұл портал Trek компаниясының ресми сайты емес және онда грамматикалық қателер көп. Яғни, бұл күмәнді портал және онда жеке деректеріңізді қалдырмаған жөн.
Порталды пайдаланушылардың телефон нөмірлерін, логиндерін, парольдерін, төлем карталарының деректерін және басқа да ақпараттарын алдап алу үшін алаяқтар жасаған сияқты. Алаяқтықтың бұл түрі туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз. Алаяқтардың қармағына түспеудің жолдары жайлы мына жерден оқи аласыздар:
Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті