Фейк: «Аңдар саны бар вакциналар туралы он жыл бұрын ескертілген»
Желіде тараған видеода қоғамдық көлікте келе жатқан егде жастағы әйел адамдарды «қайта рухани жаңғыруға» және вакциналар мен банк карталарынан бас тартуға шақырады. Оның айтуынша, бұлай істемесе, адамдар роботтарға айналып, толық басқарылатын болады.
Бұл видеоның жазбасында оның он жыл бұрын түсірілгені айтылған. Демек, COVID-19 пандемиясы туралы білмеген видеодағы әйелдің айтқанын сәуегейлік деп санауға болады.
Видео скриншотымен кері іздеу арқылы роликтің түпнұсқасы табылды. Оны Kolbyte лақап атымен белгілі YouTube қолданушысы 2012 жылғы 15 қыркүйекте жариялаған. Сипаттамада ол ролик кейіпкері көлік пен қоғамдық орындарда вакцинация мен цифрландырудың «қауіптілігі» туралы бұған дейін де айтып жүргенін атап өтті.
Алайда, оның сөзінде сәуегейлік жоқ. Вакциналарда жасырылған аңдар саны мен адамдарды еркінен айыратын чиптер туралы қастандық теориялары COVID-19 пандемиясына дейін тараған.
Желіде мұндай тақырыптағы алғашқы жарияланымдар 2000 жылдардың басында шыға бастады, ал 2009 жылы әлемде доңыз тұмауы пандемиясы жарияланған кезде олар кеңінен тарады.
Бұған дейін біз бұл ауруға қарсы вакциналарда микрочиптер болмағаны туралы жазған болатынбыз.
Сондай-ақ микрочиптер әдетте 666 санымен белгіленетін аңдар саны немесе сызбасы есем. Мұндай болжамдар негізсіз және белгілі бір дәрежеде оларды адамдардың жаңа технологиялардан қорқуы – радиофобияға жатқызуға болады.
Демек, тараған видеода сәуегейлік емес, сол кездегі қастандық теориялары жайлы айтылады.