Fake News

Фейк: «SARS-CoV-2 вирусының дельта нұсқасы вакцина дельта тәрізді бұлшықетке салынатындықтан маркетологтар оны солай атаған»

Пайдаланушылар Telegram чаттарда дүниежүзілік қастандықтың белгілерін іздеуді жалғастыруда. Бұл жолы олар SARS-CoV-2 вирусының дельта нұсқасын осылай маркетологтар атаған деген теорияны алға тартты, өйткені COVID-19 қарсы вакцина дельта тәрізді бұлшықетке салынады. Осылайша, вирустың «жасаушылар» оның қолдан жасалғандығын білдіріп отыр екен. Бұл жалған.


COVID-19 пандемиясының жаңа және қауіпті аурудың таралуы емес, әлемдік қастандықтың нәтижесі екендігі туралы конспирологиялық теорияны біз бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.
Патогенді вариацияларды альфа, бета, гамма, дельта және т.б. грек алфавитінің әріптерімен атау туралы шешімді ДДСҰ мамандары ағымдағы жылдың мамыр айында қабылдады. Бұған дейін вирустың нұсқалары көбінесе олардың анықталған жерінде байланысты аталатын, мысалы, «Британдық нұсқа», «үнді нұсқасы» және т. б.
– Нұсқалардың ғылыми атауларын айту және есте сақтау қиын, олар жиі бұрмаланады. Нәтижесінде, адамдар көбінесе вирус нұсқасы табылған жердегі атауды қолданады, бұл стигматизация және кемсітушілік болып табылады. Бұған жол бермеу және қоғаммен қарым-қатынасты жеңілдету үшін ДДСҰ ұлттық билікке, бұқаралық ақпарат құралдарына және басқа тараптарға жаңа атауларды қолдануға кеңес береді», – делінген ДДСҰ ресми сайтында.
Осылайша, вирус нұсқаларына грек алфавиті әріптерінің атаулары берілді. Алдымен альфа және бета тіркелді. Одан кейін гамма деп аталатын Бразилиялық нұсқа. Дельта нұсқасы деп аталып кеткен үнді нұсқасы төртінші болып тіркелді.
Қалған нұсқаларға атаулар тіркеу бойынша алфавиттік ретпен берілді.
Бұл ретте ресми зерттеулерде вирустың барлық мутациялары өздерінің ғылыми атауларын сақтап қалды.
Қорыта айтқанда, дельта атауы патогеннің нұсқасына берілді, өйткені ол төртінші, ал дельта грек алфавитінің төртінші әрпі. КВИ қарсы вакциналардың дельта тәрізді бұлшықетке салынатыны оның атауына қатысты емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button