Фейк: «Ғалымдардан 70 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан мәңгілік қозғалтқышты жасырып келеді»
Танымал Telegram чаттарының бірі 70 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және журналистер мен ғалымдардан мұқият жасырылған мәңгілік қозғалтқыш туралы ақпарат шығарды. Хабарлама авторының айтуынша, бұл құпия 1950 жылы жасалған карпен батареясы. Бұл рас па, анықтайық.
Румын инженері Николе Василеску-Карпен 1950 жылы әлемге шексіз ток шығаратын батареяны таныстырды. Ол өзінің өнертабысын мәңгілік қозғалтқыш деп атады, бірақ мұндай құрылғының болуы термодинамиканың бірінші және екінші заңдарын бұзатындықтан ғылыми қауымдастық оған сенбеді.
Карпен батареясы алтын және платина электродтарынан тұрады, ал электролит ретінде тазартылған күкірт қышқылы қолданылады.
Бұл батареяны ғалымдардан жасыратыны өтірік. Ол Парижде, Бухарестте және Болоньяда өткен ғылыми конференцияларда көрсетілді. Оны Бухаресттегі Брашов университеті мен политехникалық университетінің зерттеушілері де зерттеген.
Біраз уақыт бойы батарея Румыниядағы Димитрий Леонид атындағы Ұлттық техникалық музейінің мұрағатында сақталды. Құрылғыны қажетті деңгейдегі қауіпсіздік жүйесін сатып алып, орнатуға қаражат жетіспегендіктен көпшілік назарына ұсыну мүмкіндігі болмады. Бұл мәселе 2013 жылы шешімін атуып, Карпен батареясы көрмеге қойылды. Музейдің ресми сайтында оның суреті бар. (https://www.mnt-leonida.ro/domenii/electricitate/)
Батареяның әлі де жұмыс істейтіні рас. Оның қазіргі қуаты жасалған күніндегідей 1 вольтты құрайды. Сонда да, ол мәңгілік қозғалтқыш болып саналмайды.
Тимишоара Политехникалық университетінің профессоры Николае Васильчиннің айтуынша, Карпен батареясы – бұл жұмысында қоршаған ортаның жылуын пайдаланатын электр конденсаторының бір түрі.
«Электр конденсаторы ретінде Карпен ұяшығының сыйымдылығы төмен, ал электр тізбегінде пайда болатын ток өте аз. Жүктеу уақыты өте қысқа, шамамен 0,5 секунд, ал қайта жүктеушамамен 18 секундта жүзеге асады. 0,5 секунд ішінде Карпен аккумуляторы келесі 18 секунд ішінде инерциямен жұмыс істейтін терминалдарға қосылған электр қозғалтқышын басқарады, осы уақыт ішінде батарея қуат алып, қозғалтқышқа қайта қосылады. Қуаттау кезінде электролит ерітіндісі салқындатылып, қоршаған ортадан жылу энергиясын алады. Былайша айтқанда, бұл мәңгілік қозғалтқыш емес», – деді ол 2022 жылдың қыркүйегінде Румынияның Gadget Report порталына.
Демек, Карпен батареясы – бұл қызықты өнертабыс, бірақ ол мәңгілік қозғалтқыш емес. Оны ғалымдар мен журналистерден ешкім жасырмайды, батареяның жұмыс істеу принципі де құпия емес.