Фейк: «NASA-ның ескі видеосы Жердің диск тәрізді екенін дәлелдейді»
Әлеуметтік желілерде NASA-ның құпия мұрағаттарынан Желіге тарап кеткен видеосы жарияланды. Ақ-қара видео Күннің үстінен түсірілген сияқты және Жердің шар емес, бізге беймәлім көптеген континенттері бар үлкен диск тәзізді екенін анық дәлелдейді. Бұл шындыққа жанаспайды.
Суреттерді кері іздеу құралының көмегімен 1972 жылғы ұқсас ақ-қара сурет табылды. Ол NASA ұйымдастырған «Аполлон» миссияларының бірінде түсірілген екен.
Бұл видео лақап аты @flat_prover пайдаланушының TikTok аккаунтында орналастырылған. Профилінің сипаттамасында параққа орналастырылған видеолар сатиралық және оларды парақшаның иесі жазылушылардың сұрауы бойынша жасайтыны жазылған. Мәселен, аккаунтта «тегіс Жер моделі жұмыс істемейді» деп жазылған тегіс Жердің түрлі-түсті видеосы бар.
Сонымен қатар жазық Жер үстіндегі күмбезге соғылып, рикошетпен ғарышқа қайта ұшып бара жатқан астероид туралы қызықты видео жарияланған. Нәтижесінде динозаврлар аман қалады.
65 миллион жыл бұрын «түсірілген» тағы бір видеода астероид Жер үстіндегі күмбезге қайта соғылып, оны тесіп шығады, салдарынан бүкіл ауа шығып кетеді және үш динозавр ұшып шығады.
Мұның бәрі графикалық редакторлар мен видео монтаждау құралдарының көмегімен жасалған әзіл екені анық.
Сонымен қатар 1972 жылы «Аполлон-17» миссиясы кезінде түсірілген нақты видеоны Желіден көруге болады. Түрлі-түсті роликте зымыранның ұшырылуы, ұшуды басқару орталығының жұмысы және ғарыштық аппараттың өзінен жасалған түсірілім көрсетілген. Кадрларда шар тәрізді ай мен оған қонған ғарышкерлер бар. Сондай-ақ, видеоның басында Жердің тегіс емес, шар тәрізді екенін байқауға болады.
Мұның бәрі таралған видеоның сатиралық аккаунттың авторы жасаған фейк екенін дәлелдейді. Жердің тегіс екендігіне нақты дәлелдер жоқ және болуы мүмкін емес.