Конспирология

Фейк: «КСРО Мемлекеттік банкі әлі де бар»

Қазақстандықтар Желіде КСРО Мемлекеттік банкінің бар екенінің «дәлелін» тапқан екен. Бұған қаншалықты сенуге болады? Анықтайық.

Бұған «дәлел» ретінде Сталиннің суреті салынған 2020 жылғы банкноталардың үлгілері мен банк туралы ақпарат орналастырылған сайт ұсынылып отыр. Бұл КСРО Мемлекеттік банкінің порталы сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл олай емес. Мұқият қараған кезде сайтта банк қызметі, мекен-жайы, телефоны, басшылары мен қызметкерлері туралы мәліметтер жоқ екенін байқауға болады. 
Порталды WhoIS сервисі арқылы тексергенде сайттың 2018 жылы ашылғаны, ал 2023 жылдың наурызында ресурстың ақылы қызмет ету мерзімі аяқталатыны анықталды. Ашық мәліметтерге сәйкес, платформаға қызмет көрсету үшін «Светлая Великая Русь» егеменді халықаралық тұтыну кооперативі» деп аталатын бірлестік төлейді. Дәл осы бірлестік осыған ұқсас тағы бір сайт – КСРО МҚК Террорға қарсы одақ порталының жұмысы үшін ақша төлейді.
«Светлая Великая Русь» кооперативі қандай да бір елдің мемлекеттік органы емес және мемлекеттік банктің құрылтайшысы бола алмайды. Демек, КСРО банкінің сайты жалған. Мұны белгілі тарихи фактілер де растайды. Мәселен, 1992 жылғы 5 наурыздағы «Известия» газетінде КСРО Мемлекеттік банкінің жойылғандығы туралы жазылған.
2023 жылы КСРО-ның бар екенін «дәлелдеу» әрекеті – бұл Қазақстанда танымал бола бастаған конспирологиялық қозғалысының бір бөлігі. Бұл пікірді жақтаушылар Кеңес Одағы әлі де болса жасырын түрде қызмет етуде, ал оның аумағындағы қазіргі елдер заңсыз деп санайды. Біз бұл теорияны талдап, оның неге шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндірген болатынбыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button