Fake News

Манипуляция: «КСРО төлқұжаттары әлі де беріліп жатыр»

Telegram-да 2022 жылы берілген КСРО төлқұжаты көрсетілген бейнеролик тарады. Автор төлқұжаттың шынайы, тіпті арнайы мөрі де бар екенін айтады, ал оны қолдан жасау мүмкін емес. Мұндай «құжаттар» қайдан шығатыны және олардың неге жарамсыз болып табылатыны туралы айтып берейік.

Өкінішке орай, 2019, 2020 және 2022 жылдары берілген КСРО төлқұжаттары сирек кездеспейді. Алаяқтар осындай «құжаттар» жасау арқылы күн көреді. Олар кеңестік заманды ске алатын, сенгіш адамдарды Кеңес Одағы азаматының төлқұжатының болуы ТКШ қызметтері үшін төлеем жасаудан, несиелер бойынша қарыздарды өтеуден, тіпті заңды сақтаудан да босатады деп көндірді. Баяғыда ыдырап кеткен елдің осындай жалған төлқұжаттарының құны да арзан емес: 3500-4000 ресей рублі, бұл шамамен тең 22 400–25 600 теңгеге тең.
Алаяқтардың мақсатты аудиториясы – «КСРО куәгерлері» сектасының мүшелері. Бұл адамдар Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы әлі де бар және оның аумағында құрылған мемлекеттер заңсыз деп санайды. 
Қозғалыс Ресейде пайда болған, енді Қазақстанда да қарқынды дамып келеді. Бұған дйін біз Қазнетте тараған КСРО әлі де бар, ал Қазақстан – мемлекет емес, корпорация екендігі туралы теорияларды жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Қазақстан Республикасы мемлекет емес, корпорация»

Одақ ыдырағанға дейін берілген паспорттары бар адамдар Қазақстанда да, Ресейде де тұрып жатыр. Олардың көпшілігі білмегендіктен құжаттарын ауыстырмаған немесе сәтін өткізіп алған. Бүгінде олар бірқатар қиындықтарға тап болып отыр, өйткені заң бойынша олардың азаматтығы жоқ. Мысалы, Қазақстанда мұндай адамдар емханаға тіркеле алмайды, әлеуметтік төлемдерді ресімдей алмайды, тіпті заңды түрде жұмысқа да орналаса алмайды.
Соңғы жылдары берілген «КСРО паспорттарына» келетін болсақ, олар мүлде құжат болып саналмайды, ал оны дайындаушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жаза қолданылады. Оған сәйкес, құжаттарды бiрнеше рет қолдан жасау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер 4000 АЕК (2022 жылы 12 252 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.
Көрінеу жалған құжатты пайдалану, осы бапқа сәйкес, 160 АЕК (2022 жылы 490 080) дейін айыппұл салуға немесе 40 тәулікке дейін қамауға алуға әкеледі.
Қорыта айтқанда, КСРО төлқұжатын 2022 жылы «алуға» болады, бірақ бұл құжаттар жалған болып саналады, өйткені бұл мемлекет 1991 жылдан бері жоқ. Мұндай құжаттарды қолдан жасау және пайдалану заңмен жазаланады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button