Фейк: «Адамдарды бақылау үшін оларға әдейі инфекциялар жұқтырады»
Интернетте COVID-19 қарсы вакцинациялау адамзатқа қасақана ауру жұқтыру деген қастандық теориясы тағы да таралуда. Бұл адамдарды зомбиге айналдыру үшін жасалады екен. Мысал ретінде Руандадағы жағдай мен БҰҰ-дағы концлагерьлер келтірілген. Telegram мессенджерінде тараған бұл туралы видео жалған.
Бұл – доктор Пьер Жильбердің 1995 жылы сөйлеген сөзінен үзінді. Ол қандай дәрігер? Шын мәнінде, Жильбердің ресми медицинаға ешқандай қатысы жоқ. Ол инемен емдейтін дәрігер және мануальді терапевт, натуропат. Мұның бәрі баламалы медицинаның бағыттары. 1981 жылы эсхатологияға қызығушылық таныта бастаған. Бұл әлем мен адам өмірінің қалай аяқталатыны жөнінде ой қозғайтын діни ілім. Қазіргі уақытта Жильбер діни ілімнің осы бөлімін француз тілінде сөйлейтін елдерде оқытады. Бұған дейін йогадан және нью-эйдж философиясынан сабақ берген. Христиан дінін қабылдағаннан кейін ол үнділік рухани тәжірибені де, оккульттік-мистикалық қозғалысты да сынға алады. 15 жылға жуық уақыт бойы белгісіз ұшатын нысандарды зерттеген. Қастандық теорияларына сенеді және оларды белсенді түрде насихаттайды.
COVID-19 пандемиясына байланысты конспирологтар Жильбердің сөзі сәуегейлік деп айтты. Ол «адамзаттың қаны мен тамырын ластау арқылы инфекциялар пайда болады» дейді. Бұл ретте дәрігердің иммунология немесе вирусология саласында білімі жоқ екенін ұмытпаған жөн. Оның мәлімдемесін фактчекерлер жоққа шығарды.
Айта кетейік, SARS-CoV-2 вирусының пайда боулына қатысты қастандық теориялары көп. Мәселен, оны қолдан жасаған, бұл биологиялық қару, немеск ол Уханьдағы зертханадан тараған. Осыған байланысты қаншама фейкті фактчекерлер терістеді.
Ғалымдар вирустың табиғи екенін дәлелдейтін ғылыми мақалалар жарық көрді. Дәлел ретінде штаммның мутациялары келтірілген. Сонымен қатар, вирустың геномы оқшауланып, анықталды. Бұл туралы хабарлама АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының сайтында да бар.
Пьер Жильбер вакцинаға сұйық кристалдар қосады деп мәлімдеді. Олар ми жасушаларында жиналып, электромагниттік өрістің микро датчиктері ретінде төмен жиілікті ультрадыбыстық толқындарды қабылдайды екен. Оның айтуынша, соның салдарынан адамдар ойлана алмайды және зомбиге айналады.
Сұйық кристалдарды австриялық ботаник Ф.Рейнитцер ашты. 1888 жылы ол кристалдарда екі балқу нүктесін, демек, екі түрлі сұйық күйді көреді. Біреуі бұлтты, екіншісі мөлдір. Яғни, бұл сұйықтықтың да, кристалдың да қасиеті бар заттың күйі.
Сұйық кристалдар көбінесе дисплейлер, электронды сағаттар, калькуляторлар өндірісінде қолданылады. Бірақ олар табиғатта да бар. Мысалы, лиотропты сұйық кристалдар жасуша мембраналарында болады.
Жильбердің айтуынша, сұйық кристалдар тек микро датчиктер бола алмайды. Оларда дыбыс толқындарын электромагниттік толқындарға айналдыру үшін қажет батареялар жоқ. Электроника және телекоммуникация маманы Элен Галльг француз фактчекері APF Facts-ке осылай түсіндірді береді.
COVID-19 қарсы вакцинациялау арқылы адамдарды чиптеу теориясы да бұрын жоққа шығарылған фейк болып табылады.
Пьер Жильбер атап өткен Руандаға да тоқталайық. 1994 жылы тутси ұлтының геноцидінің себебі вакцинация мен чиптеу емес. Руандада этникалық шиеленіс әрдайым болған. Өмір сүру деңгейінің төмендігі, көптеген әлеуметтік мәселелер азаматтық соғысқа ұласты. Руанда президенті Жювеналь Хабиаримананың өлімі катализатор болды. Хуту халқы тутси ұлтының өкілдерін аяусыз өлтіре бастады. Әр түрлі бағалаулар бойынша, қырғын салдарынан тутси халқының шамамен 75%-ы қайтыс болған.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Руанда бойынша Халықаралық қылмыстық трибунал ұйымдастырды. Халықаралық гуманитарлық құқықтың елеулі бұзылуына жауапты 93 адамға айып тағылды. Хуту халқын геноцидке итермелеген бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары да жазаланды.
Жойқын азаматтық соғыс ел экономикасына нұқсан келтірді, денсаулық сақтау саласы қатты зардап шекті. Бірақ уақыт өте келе бәрі жақсы жаққа өзгереді. Қайғылы оқиғалардан 20 жыл өткен соң, Руанда медицинасы қарқынды дамыды. АИТВ мен ЖИТС-тен, туберкулезден болатын өлім-жітім азайды. Ана мен бала өлімі кеміді. Бұл ретте халықты вакцинациялау маңызды рөл атқарды.
БҰҰ-ның Жильберт мәлімдеген концлагерьлерді құруы дәлелденбеген және сенімді куәліктермен немесе құжаттармен расталмаған.
Демемк, таралған ақпарат жалған.