Конспирология: «КСРО әлі де бар»
КСРО әлі де бар және ТМД-ның барлық елдері заңдары бойынша өмір сүретін легитимді мемлекет болып табылатыны туралы теория Желі пайдаланушылары арасында кеңінен танымал. Бұл жолы бұл идея украин дипломаты Сергей Кислицаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзімен «расталып» отыр. Шын мәнінде, оның сөздері КСРО-ның бар екенін қуаттамайды.
Дипломат және Украинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сергей Кислица БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуына күмән келтірді.
Алайда, ол өз сөзінде КСРО-ның бар екендігінің дәлелдеріне емес, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресей Федерациясы ешқандай дауысқа салмастан КСРО-ның мұрагер елі ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінің бірі ретінде Одақтың орнын алғандығына сүйенді.
Мысалы, Қытаймен де осылай болды. Қытай Республикасы Қытай Халық Республикасына айналғаннан кейін, ол ешқандай дауыс берусіз Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты мүше болды.
Ресей Федерациясы 1991 жылғы желтоқсанда қол қойылған Алматы декларациясына сәйкес КСРО-ның құқықтық мұрагері болып саналады. Онда ТМД принциптері және КСРО-ның өз қызметін тоқтатқаны туралы жазылған. Бұл декларация Беловеж келісімінің жалғасы және нығаюы болып табылады, онда КСРО-ның ыдырауы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуы фактілері айқындалған.
Бұл құжаттар 1991 жылғы 8 желтоқсанынан бастап Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы жоқ екенін дәлелдейді.
Демек, КСРО-ның әлі де легитимді мемлекет екендігі туралы теориялар – белгілі тарихи фактілерге қайшы келетін фейк және конспирология.