Fake News

Фейк: «Эштон Кутчер COVID-19 қарсы вакцинация салдарынан көру, есту және жүру қабілетінен айырылған»

Telegram чаттарда әйгілі Голливуд актері Эштон Кутчердің сирек кездесетін аутоиммундық ауруы туралы ақпарат тарады. Бұл ауру COVID-19 қарсы вакцинация нәтижесінде пайда болып, артист көру, есту және жүру қабілетінен біртіндеп айырылған екен. Мұның бәрі өтірік.

 

Эштон Кутчердің Twitter-дегі парақшасына қарасақ, ол сау, көру және есту қабілеті бар және жүре алады дей аламыз. Сонымен қатар Кутчер «Сенің үйіңе, әлде менің үйіме барамыз ба?» деп аталатын романтикалық комедияға түскен. Оның премьерасы 2023 жылдың ақпанында болады.
Ол COVID-19-ға қарсы вакцина алған. Эштон Кутчер 2021 жылы егілген және содан бері денсаулық жағдайына шағымданбаған.
Қазнетте аталған аутоиммунды аурумен Кутчер 2019 жылы ауырған. Бұл туралы актердің өзі Twitter-дегі аккаунтында жазған. Ол сирек кездесетін аутоиммунды васкулит салдарынан көру, есту қабілетімен және вестибулярлық аппаратпен уақытша қиындықтар болғанын айтқан. Актер толық емделіп шықты, ауру қайталанған жоқ.
Демек, ол 2019 жылы ауырған аурудың екі жылдан кейін алынған COVID-19 қарсы вакцинаға ешқандай қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button