Fake News

Фейк: «Вакцинадан гөрі COVID-19 ауырған артық»

What ‘ sApp мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алмауға шақырған ер адамның дыбыстық хабарламасы таратылуда. Оның айтуынша, бұл ауру қорқынышты емес және емі бар, бірақ вакцина алғандар жақын арада 5G желілерінің әсерінен қайтыс болады. Бұл жалған мәлімдеме.

Таратылып жатқан ақпарат бұрын теріске шығарылған конспирологиялық теориялардың қосындысы.
Біріншіден, COVID-19 қауіпті емес және оны адамның иммунитеті оңай жеңеді деген тұжырым манипуляция болып табылады. Кейбір жағдайларда аурудың жеңіл немесе симптомсыз өтетіні рас. Дегенмен, КВИ ауруының ауыр жағдайлары да кездеседі. Әлемде індет салдарынан 3 256 034 адам қайтыс болды. Демек, COVID-19 Жер бетіндегі адамдардың бәрінде бірдей жеңіл болмайды. Бұдан бөлек, постковидті синдром деген де бар. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, КВИ жұқтырғандардың шамамен 20%-нда әлсіздік, ентігу, бас ауруы және бұлшықет ауруы, иіс немесе дәм жоғалту, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, бұлыңғыр сана және басқа да ерекше белгілер болады. Вакцина алғаннан кейін постковидті синдром болмайды.
Екіншіден, вакцина салдырған адамдар 5G желілерінің жұмысы нәтижесінде көз жұмады деген тұжырым негізсіз. Жаңа технологияның COVID-19 пандемиясымен байланысы бірнеше рет, соның ішінде ДДСҰ-мен де жоққа шығарылған болатын. Бұл қастандық теориясы вакциналарда болатын микрочиптер туралы идеяға негізделген. Бірақ теорияны жақтаушылар ақпаратты қабылдау және беру кезінде ағзада ұзақ уақыт жұмыс істей алатын кішкентай чиптер әлі шығарылмағанын ескермейді. Чиптеу және вакциналарда электронды құрылғылардың болуы мүмкін емес екендігі жайлы бұған дейін жазған едік.

Адамдарды чиптеу: шынайылық пен қиял

Оның үстіне, бүгінде Қазақстанда 5G форматындағы желілер әлі іске қосылмаған.
Үшіншіден, вакцинациядан кейін бір жыл өткен соң екпе салдырған адамдардың жаппай қайтыс болатыны туралы теория вакцинацияланғандар инъекциядан алты айдан кейін өле бастайды деген тағы бір расталмаған идеяның жалғасы болып табылады. COVID-19-ға қарсы вакциналар адамдарда сынала басталғалы бері шамамен бір жыл өтті. Еріктілердің кенеттен және себепсіз қайтыс болуы туралы хабарланған жоқ.
Қорыта келе, хабарлама авторы адамдарға вакцина жасайтын дәрігерлер өз балаларына екпе салдырмайды деп мәлімдейді. Бұл ретте ол қазіргі кезде COVID-19-ға қарсы вакцинаның ешқайсысы балаларда сыналмағаны туралы айтпайды, сәйкесінше, әлемнің бірде-бір елінде 18 жасқа дейінгі балаларға бұл ауруға қарсы екпе жасалмайды.
Сонымен қатар, хабарлама авторы елімізде халықтың жалпы санының тек 10%-ы ғана егілді, қалған 90%-ы вакцинацияға мүлдем қарсы екендігі туралы қате статистикалық деректер келтіреді. Бұл олай емес.
Бүгінгі күні Қазақстанда 1 727 011 адам КВИ қарсы вакцина салдырды, бұл вакцинациялауға жататын адамдардың шамамен 17%-ын құрайды. Қазақстанда жаппай иммундау науқаны жалғасуда.
Демек, хабарламада айтылған мәлімдемелердің ешқайсысы сенімді емес. Хабарлама авторы ойдан шығарылған мәліметтерге сүйене отырып, негізсіз болжамдар жасайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button