Fake News

Қол жуу – шайтанның ісі емес

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде тағы бір қастандық теориясын талқылауда. Бұл жолы COVID-диссиденттер қол жуу – шайтанның ісі, адамның бұрынғы өмірден бас тартып, құлға айналуының белгісі дейді. Бұл олай емес.

Қазақстандықтардың талқысына түскен видеода блогер бетперде тағу мен қол жуу – бұл адамзатты жаңа әлемдік тәртіпті қабылдауға және құл болуға көнуге итермелейтін ырым-жырым дейді.
Масканың адамды еркіндіктен айырмайтыны және вирустардан қорғау үшін ғана қолданылатынын дейін жазған болатынбыз.

МАСКА ЕРКІНДІКТЕН АЙЫРАДЫ – БҰЛ РАС ПА?

Қол жууға келетін болсақ, бұл күні бойы алақанға жиналған кірден, шаңнан және бактериялардан арылуға мүмкіндік беретін гигиеналық шара. Қол жууды аурудың алдын алу шарасы ретінде алғашқы насихаттағандардың бірі 1840 жылдары асептиканың негізін қалаған австро-венгр дәрігері Игнац Семмелвейс.
Тазалыққа және қол жууға шақыру пандемия басталғанға дейін де айтылып келген. Мысалы, Желіде КСРО кезіндегі жұмыстан кейін, дәретханадан шыққан соң және тамақтанар алдында қол жууға үндейін плакаттар көп. 


1921 жылы Корней Чуковский жазған «Мойдодыр» ертегісі де балаларды жуынуға, шомылуға және қолды таза ұстауға шақырады. Автордың өзі былай деп жазған: «Мен Мойдодырдың кішкентай балалар үшін денсаулық сақтау саласындағы халық комиссариаты рөлін атқарған жүздеген жағдайды білемін», бұл гигиена ережелері маңызды және балаларды ерте жастан үйрету керек екенін көрсетеді.
Алайда, блогердің пікірінше, қол жуу дәстүрі өткен, құлдықсыз өмірден бас тарту белгісі ретінде самариялықтардан шыққан, кейіннен оны масондар қабылдаған. Дегенмен, мұндай дәстүрдің сипатталып отырған түрде болғанына дәлелдер жоқ.
Қол жуу ішек және басқа аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі болып саналады. Сондықтан COVID-19 пандемиясы кезінде аса маңызды шара болып табылатыны да сондықтан. Бірақ, бұл пандемияға дейін адамдар қолдарын жумаған және гигиена ережелерін сақтамаған дегенді білдірмейді.
Демек, қол жуғаннан кейін адамдар құлға айналады деген теория ойдан шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button