Fake News

Дәлелсіз: «Әлемді бақылау үшін орбитаға Жер серіктері ұшырылды»

Қастандық теорияларын жақтаушылар Жер орбитасына бүкіл әлемді басқаратын бірқатар жер серіктері ұшырылды деп жазуда. Бұл рас па? Анықтайық.

Хабарламада Falcon Heavy зымыраны туралы айтылған. Бұл қайта ұшыруға болатын өте ауыр зымыран тасығыш. Ол жалпы төрт рет іске қосылған.
Соңғы рет осы жылдың 1 қарашасында ұшырылған. Falcon Heavy орбитаға Millennium Space Systems әзірлеген Tetra-1 спутнигін жеткізді. Ол Жер мен бұрын ұшырылған спутниктер арасындағы деректерді жылдам бөлісуге арналған. Tetra-1-дің бүкіл планетаны басқаратыны туралы еш жерде айтылмаған. Сонымен қатар мұндай бақылаудың нақты қалай жүзеге асырылатыны белгісіз.

Конспирологтардың арасында Starlink спутниктері, SpaceX компаниясына тиесілі Falcon Heavy зымыран тасығышы сияқты, адамдарды бақылау және планетаға орны толмас зиян келтіру үшін қажет деген пікір айтылуда. Іс жүзінде бұл олай емес. Бұл теорияны Factcheck.ge порталының фактчерлері жоққа шығарды. 
Сондай-ақ біз Starlink спутниктері әскери ұшқышсыз ұшақтар емес және балама шынайылық жасай алмайтыны туралы жазған болатынбы.
Демек, орбитаға бүкіл әлемді басқаратын спутниктер ұшырылды деген ақпарат дәлелсіз және оған сенудің қажеті жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button