Fake News

Фейк: «Жапонияда COVID-19 қарсы вакциналардың өлім-жітімді арттыратыны мойындалды»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Жапония билігі COVID-19-ға қарсы вакциналар елдегі артық өлім-жітімнің өсуіне себеп болып отырғанын ресми түрде мойындағаны туралы ақпарат таратуда. Адамдар COVID-19 қарсы вакциналардан тұмауға қарсы вакциналарға қарағанда 38 есе жиі қайтыс болған екен. Мұның бәрі жалған.


Айта кетейік, COVID-19 қарсы вакциналардан тұмауға қарсы вакциналарға қарағанда 38 есе көп адам көз жұмды деген мәлімдеме манипулятивті және расталмаған. Желіде тұмауға қарсы вакциналардан көз жұмғандар туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ интернетте Жапонияда КВИ-ге қарсы вакциналардан болатын өлім-жітімнің жоғары екендігі туралы ресми хабарламалар табылмады. Керісінше, жапон БАҚ-тары вакцинация тәртібін түсіндіруге және фейктерді, соның ішінде өлім-жітімнің жоғары болуын жоққа шығаруға баса назар аударады.
Бүгінгі таңда Жапонияда халықтың 77%-дан астамы COVID-19 қарсы вакцинаның екі дозасын алған.
Бұл ретте ел Үкіметі вакциналарға болған жағымсыз реакциялар туралы хабарлаған адамдардың өтініштеріне көп көңіл бөледі. Мәселен, пандемия кезінде елде COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысты болған бір ғана өлім жағдайы расталды. Семіздік пен қант диабетіне шалдыққан 42 жастағы әйел вакцина алғаннан кейін бірден көз жұмған. Марқұмға жасалған компьютерлік томография өлімге өкпенің кенеттен ісінуі себеп болғанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, ол вакцина салдарынан болған, өйткені мұндай нәтижеге әкелуі ықтимал басқа ауытқулар анықталған жоқ.
Жапония билігі вакциналар адам өліміне әкелген басқа жағдайларды растаған жоқ.
Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button