Fake News

Фейк: «Металл детекторлары арқылы жылына 20 реттен артық өтуге болмайды»

Telegram каналдарда пайдаланушылар металл детекторларының жақтаулары денсаулыққа зиянды және ол арқылы жылына 20 реттен артық өтуге болмайтындығы туралы жазды. Сондай-ақ хабарламада мұндай рамалардың адамдар үшін қауіпсіз екендігін дәлелдейтін зерттеулер жоқ делінген. Бұл рас па? Анықтайық.


Металл детекторларынан өту зиянды ма? Оны білу үшін олардың қалай жұмыс істейтінін анықтау керек. Қазіргі заманғы рамалы металл детекторларда электр импульстар өтетін катушкалар болады. Бұл магнит өрісін тудырады. Егер жұмыс істеп тұрған раманың ішіне металл зат қойса, онда осы заттың өзінде қарама-қарсы магнит өрісі пайда болады, бұл катушканың шағылысқан импульсінің бірнеше миллисекундқа ұзағырақ болуына әкеледі. Рама дыбыстық сигналдар беру арқылы осы жағдайға жауап береді.
Яғни, рамка төмен жиілікті электромагниттік сәулеленудің көзі болып табылады. Яғни, құрылғылар радиациялық сәуле шығармайды. 
Адамның айналасында әрдайым түрлі сәулеленулер болады. Ұялы байланыстан бастап күн сәулесіне дейін барлығы әртүрлі жиіліктегі электромагниттік сәулеленудің көзі болып табылады. Шамамен алғандағы есеп бойынша, металл іздегіш рамалар арқылы өткендегі сәулелену мөлшері адам күн сайын 10 минутта алатын сәулелену мөлшерімен бірдей.
Яғни, металл іздегіштен жылына 20 реттен артық өтуге болады.
Металл детекторларының қауіпсіздігін дәлелдейтін зерттеулер жоқ деген теорияға келетін болсақ, бұл шындыққа жанаспайды. ДДҰ сайтында осындай рамалардан бөлініп шығатын төмен жиілікті электромагниттік сәулелену тақырыбына арналған жеке парақша бар. Онда металл детекторларын қауіпті деп санауға негіз жоқ делінген.
Дәрігерлер мен физиктер металл детекторларынан өту денсаулыққа зиянсыз екенін бірнеше рет айтқан болатын.
Қорыта айтқанда, таралған хабарламалар жалған. Металл детекторының рамаларынан жылына 20 реттен артық өтуге болмайды деп ойлауға негіз жоқ. Мұндай құрылғылардың қауіпсіз екендігіне дәлелдер көп, олар ресми сайттарда да жарияланған.

 

Все разоблачения фейков в нашем Telegram-канале Stopfake.kz. Подпишись, чтобы сразу узнать правду.

Басқа жаңалықтар

Back to top button