Fake News

Фейк: «Ұлыбританияда COVID-19-дан қайтыс болғандардың 94%-ы егілгендер»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары Ұлыбритания билігінің вакцинацияланған азаматтар арасындағы өлім-жітім күрт өсті, ал егілмегендер арасында, керісінше, төмендеді деп жазылған «құпия» есебі туралы жазды. Хабарламада келтірілген ақпаратқа сәйкес, елдегі COVID-19-дан қайтыс болғандардың 94%-ы вакцинацияланғандар. Мұның барлығы – фейк және ашық деректермен манипуляциялау.

Бұл жаңалықтың дереккөзі – псевдоғылыми мақалалар мен қастандық теорияларын жариялайтын танымал THE EXPOSÉ порталы. MediaBias/FactCheck тәуелсіз жобасының бағалауы бойынша портал сенімсіз ақпарат көзі болып табылады. Бұған дейін THE EXPOSÉ вакцинацияланған адамдар арасында бұрын-соңды болмаған өлім-жітім туралы мақалалар жариялаған болатын, бірақ олардың бәрі фейк болып шықты. Қазір таратылып отырған мақала да жалған.

Онда аталып отырған есеп құпия емес. Бұл Ұлыбританиядағы COVID-19 қарсы вакциналарды бақылау жөніндегі апта сайынғы есептердің бірі. Ол пандемия басталғаннан бері жеті күн сайын жарияланады және баршаға қол жетімді.  

Олардың бірде-біреуінде вакцинацияланған адамдар арасында өлім-жітім артып, егілмегендер арасында төмендегені туралы айтылмаған.

Сонымен қатар Ұлыбритания халқының 74,6%-ы COVID-19 қарсы екпе салдырғанын ескерсек, мұндай статистика теріс болар еді. Яғни, егілген адамдар ел халқының төрттен үш бөлігін құрайды.

Бұл туралы апта сайынғы вакциналарды бақылау жөніндегі есептерде де айтылған: «Халықтың басым бөлігі вакцинацияланған, бұл контекстте вакциналардың тиімділігі жоғары екенін ескерсек, ауру жұқтыру, ауруханаға жатқызу және өлім жағдайлары вакцинацияланған адамдар арасында көп болады деп күтілуде, өйткені вакцинацияланбаған адамдардан гөрі егілген адамдар көп болады. Сондай-ақ бірде-бір вакцина 100% тиімді болмайды. Себебі, ауру жұқтыру және аурудың ауыр ағымы болу қаупі жоғары болған адамдар арасында вакцинация басым болды. Тәуекел топтағы адамдар арасында да COVID-19-бен байланысты емес себептермен ауруханаға түсу қаупі жоғары болуы мүмкін, осылайша олар ауруханаға жатқызылуы немесе COVID-19 салдарынан емес, COVID-19-бен ауырып, өліп кетуі ықтимал».

Сондай-ақ, есептерде келтірілген мәліметтердің өңделмегені және оларды қандай да бір статистика жасау үшін пайдалануға болмайтындығы туралы ескерту бар.

Алайда, бұл ескертуді елемегеннің өзінде, таралған мақала авторларының COVID-19-дан қайтыс болғандардың 94%-ы вакцинацияланғандар деген қорытындыны қалай жасағаны белгісіз. Апта сайынғы есептерде келтірілген көрсеткіштер мұны растамайды. Керісінше, соңғы жарияланған есепте ревакцинация омикрон нұсқасын жұқтыру көрсеткішін азайтуға септігін тигізгені жазылған.

Осылайша, COVID-19-дан қайтыс болғандардың басым бөлігі вакцинацияланғандар деген ақпарат – фейк және ашық деректермен манипуляциялау. Біріншіден, апта сайынғы есептерде көрсетілген көрсеткіштерді статистика үшін пайдалануға болмайтыны ескертілген. Екіншіден, есептерде мақалада көрсетілген қорытындыларды растайтын деректер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button