Манипуляция: «Дәрігерлер вакциналар мен аутизм арасындағы байланысты әдейі елемейді»
Қазнетте қазақстандық және шетелдік дәрігерлер вакцинация мен аутизм арасындағы байланыстың дәлелдерін әдейі елемейді деген идеялар көп жариялануда. Бұл шындыққа жанаспайды. Неге екенін түсіндіріп өтейік.
Айта кетейік, вакциналар аутизмнің дамуына ықпал етеді деген теорияның өзі Эндрю Уэйкфилдтің кері қайтарылған зерттеуіне негізделген. Ол басқа ғалымдар дәлелдеген деректерді бұрмалаған.
Вакцинациялау мен аутизмнің арасындағы байланыс туралы фейк 20 жыл бұрын шыққан
Осы тақырыпта басқа мамандар жүргізген зерттеулер Уэйкфилдтің нәтижелерін растамаған жоқ.
Демек, аутизм мен вакцинацияның арасындағы байланыс туралы теорияның негізі – өтірік.
Қазнет қолданушылары келтірген екінші дәлел – Роберт Де Нироның аутизм және вакциналардың оның дамуына әсері тақырыбына арналған «ВЕгілгендер» («Vaxxed») фильмі. Шындығында, Голливуд актері Роберт Де Нироның фильмді түсіруге ешқандай қатысы жоқ және ол вакцинацияға қарсы емес. Ол Tribeca Film Festival тәуелсіз кинофестивалі аясында осы фильмді көрсетуді жай ғана ұсынған, бірақ кейінірек іс-шарада картинаны көрсетуге өзі тыйым салды. Бұл туралы фаткчекерлер егжей-тегжейлі жазған болатын.
Желіде аутизмнің себебі балаларды вакцинациялауда жатыр деген жаңа «дәлелдер» кейде жазылып тұрады. Алайда, бұл олай емес. Зерттеулер көрсеткендей, аутизм спектрі бұзылған балалардың саны вакцинацияланған және вакцинацияланбаған балалар арасында ерекшеленбейді.
Дәрігерлердің көбі вакцинация аутизмнің дамуына ешқандай әсер етпейді деген ортақ пікірге келді. Аутизм – бұл туа біткен ауру.
Демек, таратылған хабарламалар манипуляция болып табылады. Дәрігерлер вакциналардың аутизммен байланысының «дәлелдерін» елемейтінінің себебі – олардың барлығы өтірікке негізделген және ғылыми негіздемесі жоқ.