Медициналық фейктер

Фейк: «Адамдардан көп ауруды емдей алатын дәрі-дәрмекті жасырады»

Танымал Telegram-чаттарда таз болудан қатерлі ісікке дейін ондаған ауруды емдейтін керемет дәрі-дәрмектің бар екендігі туралы жазылуда. Алайда, препаратқа тыйым салынған және оны адамдардан жасырады, ал оны әзірлегендер өлтірілген. Мұның бәрі ойдан шығарылған.

Бұл АСД  фракциясы 2 деп аталатын препарат. нақтырақ айтар болсақ, бұл «Дороговтың антисептикалық стимуляторы». Желідегі ақпаратқа сәйкес, 1947 жылы препаратты ғылым кандидаты Алексей Дорогов ойлап тапқан, оған радиацияның әсерінен арзан және тиімді дәрі жасау тапсырылған. Дорогов оны ет пен сүйектің термиялық ыдырау өнімдері негізінде жасаған екен. Заттың аса тиімді болғанына қарамастан, КСРО үкіметі белгісіз бір себептермен дәрі-дәрмекті тіркеуден бас тартқан, оны адамдардан жасырған, ал ғалымның өзін өлтірген екен. Әрине, дәстүрлі емес медицинаға арналған сайттарда осы сияқты оқиғалар көп жазылғанымен, бұл жағдай расталмайды. 

Бірақ АСД фракциялары 2 мен 3 препараттарына тыйым салынбаған және ветеринарлық дәріханаларда рецептісіз сатылатындығына нақты дәлелдер бар. Өйткені дәрінің екеуі де ветеринарлық мақсатта ғана қолдануға арналған. AСД фракциясы 2 көмегімен ауылшаруашылық жануарларды, сондай-ақ құстар мен иттерді асқазан-ішек жолдары, тері, тыныс алу жүйесі және генитурарлық жүйе ауруларынан емдейді. АСД фракциясы 3 тері қабынуын, емделмейтін жараларды, тұяқ шіріктерін және ауыл шаруашылығы жануарларының басқа да ауруларын емдеу үшін қолданылады.

АСД онкологиялық ауруларды, бедеулікті емдейді, шаштың түсуін тоқтатады, артық салмақ пен репродуктивті жүйең проблемаларын жояды дегенге сенбеген жөн. Адамдарда жоғарыда аталған ауруларға қарсы препараттың тиімділігін дәлелдейтін клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ресми сайтында АСД препаратына арналған мақала бар. Онда препарат адамдарды емдеу үшін қолданылмайды делінген. Бұл препараттың адамға арналған дәрі ретіндегі тиімділігі интернеттегі миф болып табылады.

«АСД-те «фуфломициннің» барлық қасиетіне ие:

– АСД емдейтін аурулар мен жағдайлардың тізімі өте үлкен. Онда бәрі бар, қатерлі ісік те;

– оның әсерінің нақты белгіленген механизмі жоқ;

– «өндірушілердің айтуынша, ол басқа дәрілермен, биологиялық белсенді қоспалармен үйлеседі және жанама әсерлері жоқ», – делінген порталда.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылайтын болсақ, АСД фракциялары 2 және 3 – бұл ешкім тыйым салмаған қарапайым ветеринарлық препараттар және ветеринарлық дәріханаларда рецептісіз еркін сатылады. Препарат адамдарды семіздік пен тіс ауруынан онкологиялық ауруларға дейін ондаған аурудан, емдейді деген мәлімдемелер – дәстүрлі емес медицинаны жақтаушылар Желіде қолдайтын миф.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button