Медициналық фейктер

Фейк: «Кофе ерлердің денсаулығына кері әсер етеді»

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамдарға кофеден бас тартуға кеңес беріледі. Бұл сусын репродуктивті денсаулыққа зиянын тигізіп, кейбір ішкі органдардың қызметін бұзады екен. Мұның бәрі өтірік.

Айта кетейік, роликте биоэнергетика жайлы айтылады. Шын мәнінде, бұл псевдоғылым. Кофе адамның биоэнергетикасын өзгертеді деген пікірлер сандырақ және толығымен ғылымға қарсы.
Кофенің ерлердің репродуктивті жүйесіне әсері туралы мәлімдемеге келетін болсақ, мұнда ғылыми зерттеулерге жүгіну керек. Оларда көбінесе кофеин қосылған кофені ғана емес, басқа сусындарды да қалыпты тұтыну ерлердің жыныстық жасушаларының сапасы мен санына айтарлықтай әсер етпейтіні айтылады.
Осы тақырыптағы басқа да зерттеулерде, керісінше, кофеиннің сперматозоидтардың қозғалғыштығына оң әсер ететіні көрсетілген.
Жалпы, көптеген ғалымдардың пікірінше, күніне бір-екі кесе кофе ішу жүкті болу қабілетін төмендетпейді. 
Сондай-ақ ғылыми әдебиеттерде кофенің бауырға, өт қабына және тоқ ішекке әсері қарастырылған еңбектерді табуға болады. Зерттеулердің басым бөлігінде кофені қалыпты тұтыну алкогольсіз майлы бауыр ауруы мен өт тас ауруының алдын алу болып табылады. Мұнымен қоса, мамандардың тұжырымдарына сәйкес, кофе С гепатитін жұқтырған адамдарда дамуын бәсеңдетеді және ішек жиырылуын жақсартады.
Құрамындағы антиоксиданттардың арқасында кофе бүйрекке де қорғаныс әсерін тигізеді. Күніне бір-екі кружка кофе ішетін адамдар созылмалы бүйрек ауруларына аз шалдығады. 
Сонымен қатар күніне төрт немесе одан да көп кесе кофе ішпеген дұрыс. Бұл бүйрекке және басқа да органдарға зиян тигізуі мүмкін. 
Қорыта айтқанда, кофенің ер адамның денсаулығына зиянды әсері туралы ақпарат – фейк. Бұл мәлімдеме кофені аз ғана ішу мен фертильділіктің арасында ешқандай байланыс таппаған ғылыми зерттеулерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button