Жаңалықтар

Фейк: «Өлімге әкелетін әлемдегі ең қауіпті вакциналар анықталды»

Қазнетте өлімге әкелетін «ең қауіпті вакциналар» тізімі тарады. Бұл жалған ақпарат. Аталған вакциналар қауіпті ме, жоқ па, айтып берейік.

Таралған ақпаратта вакцинацияның жанама әсерлері немесе вакцинациядан зардап шеккендердің саны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Тізімде төрт дәрі-дәрмек көрсетілген. Олардың әрқайсысын талдап шығайық.

1. COVID-19-ға қарсы вакциналар
Бұл ауруға қарсы барлық вакциналардың қауіпті екені туралы мәлімдеме жалпы алынған және нақты емес. Бүгінгі таңда әлемде КВИ-ге қарсы мақұлданған 40 вакцина және 220 кандидат вакцина бар. Олардың барлығы әртүрлі платформаларда, әртүрлі технологиялар бойынша және әртүрлі елдерде жасалуда. Демек, олардың бәрі бірдей деп айтқан түбегейлі дұрыс емес. Әлемде мақұлданған және қолданылатын COVID-19 қарсы вакциналар қауіпсіз және тиімді екендігі зертханалық, клиникалық және постклиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады.  Сонымен қатар КВИ-ге қарсы ауқымды егу науқаны 2020 жылдың желтоқсанында, яғни 1,5 жыл бұрын басталды. Осы уақыт ішінде планетаның 5 миллиардтан астам тұрғыны егілді, бұл жердің жалпы халқының 67,9% құрайды. Егер вакциналар шынымен ауыр жанама әсерлер тудырса және өлімге әкелсе, онда оны жасыру мүмкін болмас еді. Бақытымызға орай, әлемде мұндай ештеңе болып жатқан жоқ.
2. Қызылшаға қарсы вакцина
Қызылша туралы айтар болсақ, вакцинацияның арқасында әлемде қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткіші тарихи минимумға дейін төмендеді. Сондай-ақ қызылша антивакциналық қозғалыстың аурудың таралуына қалай әсер ететіндігіне жарқын мысал бола алады. Вакцинацияға қарсы адамдардың идеялары қоғамда кеңінен таралған сайын, қызылша ауруы балалар мен ересектердің денсаулығына тағы да қауіп төндіре бастады. Қызылшаның соңғы ошақтарының бірі 2019 жылы АҚШ-та болды.
Тізімде көрсетілген нақты MMR вакцинасына тоқталсақ, ол қызылшадан ғана емес, паротит пен қызамықтан да қорғайды. Вакцинацияға қарсы адамдардың айтуынша, бұл екпе аутизм тудырады, бірақ бұған ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Әр түрлі елдерде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, MMR вакцинасы тиімді және қауіпсіз, оны аутизммен байланыстыруға негіз жоқ.
3. Полиомиелитке қарсы вакцина
Полиомиелит те қызылша сияқты бүгінгі күні әлемде толықтай дерлік жойылған ауру деп айтуға болады. 1988 жылдан бастап сырқаттанушылықтың 99%-ға төмендеуіне нақ осы вакцинацияның арқасында қол жеткізілді. Полиомиелиттің басқа тиімді алдын алу шаралары жоқ, өйткені бұл ауруға қарсы дәрі жоқ. 
Полиомиелитке қарсы вакциналар қауіпті емес және өлімге әкелмейді. Вакцинаның ең көп таралған жанама әсері – инъекция орнының қызаруы. Препараттың әсерінен болатын ауыр аллергиялық реакциялар сирек кездеседі. 
4. Ротавирусқа қарсы вакцина
Бұл екпе қауіпті деп санауға негіз жоқ. Сонымен қатар ротавирус салдарынан балалар өліп кетуі мүмкін. Бұл инфекцияға қарсы вакциналар сенімді қорғауды қамтамасыз етеді, сирек жағдайларда жанама әсерлері ретінде уақытша жүрек айнуы немесе диарея болуы үмкін.

Вакциналардың қауіптілігіне келетін болсақ, мұндай рейтингтерді вакцинацияға қарсы адамдар жасайды. 2018 жылы SARS-CoV-2 вирусы анықталғанға дейін олар тұмауға қарсы вакциналар «жаман» деп келді. Олар ең қауіпті болып саналды. Бірақ бұл олай емес. Ашық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы жанама әсерлердің басым бөлігі сіреспеге қарсы вакцинациядан болған екен. Алайда, сол кездің өзінде бұл жағымсыз реакциялардың өлімге апармайтыны, ал вакцинацияның пайдасы инфекция жұқтыру қаупінен жоғары екені белгілі болды. 

Демек, бұл ақпарат – вакцинацияға қарсы адамдар таратқан фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button