Фейк: «Эмоционалды әңгімелер ДНҚ-ны бұзады»
Қазнет қолданушылары псевдоғалым Петр Гаряевтің кезекті теориясын таратуда. Оған сәйкес, әңгімелер, әсіресе эмоционалды әңгімелер біздің сөзімізді «естіп», оған жауап бере алатын ДНҚ-мызға теріс әсер етеді. Мұның бәрі дәлелденбеген және ғылымға қарсы.
Біз Петр Гаряевтің теорияларын бірнеше рет жоққа шығардық. Олардың бәріне ортақ бір нәрсе: күрделі терминдер мен ұғымдардың көптігіне қарамастан, олардың бәрі ғылымға қарсы.
Петр Гаряевты әріптестері теорияларында ешқандай дәлел мен ғылыми негіз болмағаны үшін жиі сынға алған. Оның идеялары псевдоғылыми деп танылды, ал Гаряевтің өзі бірнеше рет «ВРАЛ Құрметті академигі» сыйлығының лауреаты атанған. Сонымен қатар ол өзінің «ғылыми» еңбектерінде бірге мүлдем жұмыс істемеген және оның зерттеулеріне ешқандай қатысы жоқ ғалымдарды тең автор ретінде көрсететінімен танымал.
Біздің ДНҚ-мыз сөйлескенімізді естиді деген теорияға келетін болсақ, ол мүлдем ғылымға қарсы. ДНҚ – дезоксирибонуклеин қышқылы. Бұл нуклеотидтердің төрт түрінен тұратын өте ұзын молекула. Бұл молекула ештеңе естімейді.
Эмоционалды әңгімелер оны бұзады деген пікірлер дәлелденбеген және зиянды. Проблемаларды, сезімдерді немесе тәжірибені біреумен талқылау өзіңізді жақсы сезінуге көмектесетіні расталды. Әңгімелесу адамға жағдайға басқа қырынан қарауға және мәселенің шешімін табуға септігін тигізеді. Өз тәжірибеңізді басқа адаммен бөлісу арқылы ғана қолдау табуға болады.
Жеке тәжірибеңіз бен эмоцияларыңызды біреумен талқылаудан толық бас тарту әлеуметтік оқшаулануға және басқалармен достық қарым-қатынасты жоғалтуға әкелуі мүмкін. Мұның бәрі психикалық денсаулыққа теріс әсер етеді.
Дұға оқу ДНҚ-ға оң әсер етеді деген теория негізсіз. Дұғалар мен діндарлықтың миға әсерін зерттейтін өте даулы ғылым нейротеология бар. Алайда, оның постулаттарында да ДНҚ туралы ештеңе айтылмаған.
Дегенмен, кейбір беделді ғалымдар нейротеологияны дәлелдер базасы жеткіліксіз псевдоғылым деп санайды.
Таралған мәтінде теріс ойлар өмірімізге жаман оқиғаларды «тартады» делінген. Бұл ішінара шындық, бірақ ДНҚ-ның оған ешқандай қатысы жоқ. Психологияда осындай терең ойлар «көзқарастар» деп аталады. Олар өмірлік тәжірибенің немесе оқудың нәтижесінде қалыптасады және өмірімізге ештеңе тарта алмайды, бірақ олардың әсерінен адамдар саналы түрде болсын-болмасын белгілі бір әрекетке барады.
Демек, Петр Гаряевтің таралған теориясы психологиялық терминдер мен псевдоғылыми тұжырымдамадан үзіп алынған ғылымға қарсы ойлар болып табылады. Бұған да, Гаряевтің басқа идеялары на да сенудің қажеті жоқ.