Фейк: «Ультратолқынды сәуле ауруларды емдеп, оны жұқтыруы да мүмкін»
Қазнетте кез келген ауруды «ультратолқындармен» емдеуге болады немесе олардың көмегімен дертті жүздеген адамға жұқтыруға болады деген теория тарады. Бұл ғалымдармен дәлелденген екен. Мұның барлығы – фейк.
Хабарламаға ұялы байланыс бағанасының жанында тұрған каскадағы адам COV-19 жазуы бар белгісіз бір аспапты көрсетіп, COVID-19 ауруын тарата алатын осындай құрылғыларды бағаналарға орнатуға бұйырылғанын айтқан бейнеролик тіркелген. Бұл ескі фейк видео, біз оны жоққа шығарған болатынбыз.
Шын мәнінде, кейіпкердің қолындағы нәрсе – Hannstar шығарған ескі теледидардың бөлшегі. Ол коронавирус немесе басқа патогенді таратпайды.
Кейбір толқындар ауруларды емдейді және таратады деген пікір – псевдоғылыми теория. Оның авторы – Петр Гаряев, оның есімі хабарламада аталады. Сондай-ақ мәтінде оны ашқан жаңалығы үшін өлтірген деп айтылған. Алайда бұған ешқандай дәлел жоқ. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, ол 78 жасында табиғи себептермен қайтыс болған.
Ғалымдар Петр Гаряевтің «толқын геномы» туралы теориясын бірнеше рет сынға алып, оны псевдоғылым деп атап, оның идеялары мен нақты генетика ғылымымен ешқандай байланысы жоқ деп мәлімдеді. Гаряев псевдоғылымға қосқан үлесі үшін бірнеше рет «ВРАЛ Құрметті академигі» сыйлығының лауреаты болды.
Сонымен қатар Гаряев жоқ дереккөздерге сүйеніп, өзімен мүлдем жұмыс істемеген ғалымдарды өз еңбектерінің тең авторы ретінде көрсеткен.
Сондай-ақ хабарламада келтірілген «ультратолқын» термині жоқ. Толқындар ультра қысқа, ал сәуле ультракүлгін болады. Бұрын ультра ұзын толқындар термині де қолданылатын, бірақ кейіннен ол «ультра ұзын толқындармен» алмастырылды.
Ұялы байланыс бағаналары мен 5G сигнал тарату қондырғылары вирустар таратпайтыны және мұндай теориялар физика мен биология заңына қайшы келетіні туралы біз жазған болатынбыз.
Демек, таратылған ақпарат – бастан-аяқ фейк. Тіркелген видео бірнеше рет теріске шығарылған ескі фейк болып табылады. Петр Гаряев псевдоғылыммен айналысқан және оның өлімі табиғи болған. Электромагниттік сәулеленудің ешқандай түрі вирустар таратпайды және ауруларды емдей алмайды.