Fake News

Фейк: «Адамдарға ұялы байланыс бағаналары арқылы ауру жұқтыруға болатындығы дәлелденді»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Петр Гаряевтің теориясын талқылауда, ол ұялы байланыс бағаналарының көмегімен адамдарға түрлі аурулар жұқтыруға болатынын дәлелдеген екен. Ол үшін вирустың немесе бактериялардың «сәулеленуін» көшіріп, бағананың көмегімен тарату керек. Бұл – ғылымға қарсы теория.


Петр Гаряевті ғылыми қоғамдастықта псевдоғылым қайраткері деп атайды, ал оның теориялары жалпы ойға қонымсыз болып саналады.

Петр Гаряев – «толқынды генетика» теориясының авторы. Тұжырымдама ДНҚ молекуласы ақпаратты белгілі бір толқын арқылы бере алады және ДНҚ иесі қайтыс болғаннан кейін 40 күннің ішінде молекуланың «фантомы» ғарышта сақталады дегенге негізделген. Оның тезистерінің ешқайсысы тәжірибе жүзінде дәлелденген жоқ. Сонымен қатар, жұмыста қолданылған материалдарға сілтемелерде Гаряевке де, оның теориясына да еш қатысы жоқ ғалымдардың есімдері жазылған.
Дәлелдеу ғылымына сәйкес бактериялар да, вирустар да иондаушы, иондамайтын немесе электромагниттік сәулеленудің көзі болып табылмайды.

Оның үстіне, сәулеленуді көшіру және оны басқа объектілердің көмегімен «тарату» мүмкін емес. Себебі, сәулеленудің белгілі бір түрлері тек белгілі бір материалдарға ғана тән. Мысалы, радиоактивті сәулелену көзі ядролары тұрақсыз және радиоактивті ыдырауға ұшырайтын нуклидтер болуы мүмкін. Атап айтқанда, Уран-238, торий-232, радон-222 және т.б.. Азот-15 сәулеленудің бұл түрін шығармайды, өйткені бұл изотоп тұрақты.

Демек, Петр Гаряевтің теориясы іс жүзінде ғылым мен ақылға қайшы келеді. Оны басқа ғалымдармен дәлелденбеген және мойындалмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button