Фейк: «Зертхана COVID-19 қарсы вакциналарда графен мен шыны сынықтарының барын растады»
Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде британдық бір зертхана COVID-19-ға қарсы вакциналарға талдау жүргізіп, олардан шыны, графен және будандастырылған sp3 көміртегі бөлшектері табылғаны туралы жазуда. Бұл жалған.
Таралған хабарламада осындай жаңалық ашқан зертхананың атауы көрсетілмеген. Яғни, вакциналарда анықталған қауіпті ингредиенттер туралы ақпаратты растау мүмкін емес.
Кілт сөздер арқылы іздеу де нәтиже бермеді. Ірі бұқаралық ақпарат құралдарында және рецензияланған ғылыми журналдарда ашылған жаңалық туралы ақпарат жоқ.
Вакциналардан табылған графен, шыны және будандастырылған sp3 көміртегі туралы ақпаратпен бірге тараған сурет 2016 жылы шыққан ғылыми мақалада жарияланған және онда вакциналар туралы айтылмаған. Бұл мақала «Графен тобындағы нанобөлшектердің уыттылығы: шығу тегі мен механизмдеріне жалпы шолу» деп аталады және оның авторлары – Оңтүстік Медицина Университетінің мамандары.
Суреттің өзінде графен материалдардың биологиялық өзара әрекеттесуінің әртүрлі түрлері көрсетілген.
COVID-19 қарсы вакциналарда будандастырылған sp3 көміртегі бар деген теория мүлдем дәлелденбеген. Бұл ингредиенттің иммундау препараттарын өндіруде қолданылғандығы туралы әзірлеушілер де, басқа сенімді ақпарат көздері де хабарлаған жоқ.
Сонымен қатар, осы және ақпаратта аталған басқа заттар да вакциналардың көпшілікке қол жетімді құрамында көрсетілмеген.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Сондай-ақ, хабарламада вакциналар құрамындағы ерекше компоненттер RAMAN спектроскопиясының көмегімен табылғаны айтылғанын атап өткен жөн. Бұл әдісті COVID-19 қарсы вакциналарда графеннің бар екенін дәлелдеген Пабло Кампра қолданған. Оның ашқан жаңалығын сенімді деп санауға болмайтыны туралы біз егжей-тегжейлі жазғанбыз.
Желіде КВИ қарсы вакциналарда графеннің боулының «дәлелдерін» таратуда
Демек, вакциналарда графен, будандастырылған sp3 көміртегі, шыны бөлшектері немесе ресми құжаттарда көрсетілмеген басқа да ингредиенттер бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Иммундауға арналған препараттарда графеннің болуы туралы теориялар конспирологиялық және манипуляциялар мен жалған тұжырымдарға негізделген.