Fake News

Фейк: «Еуропада адам етін дайындау бойынша ұсыныстар жарияланды»

Әлеуметтік желілерде адам етін жеу туралы даулы кітапты талқылауда. Онда адам етінің қандай түрін жеуге болатындығы және оны дәмді етіп дайындау жолдары сипатталған. Бұл қандай кітап және онда не туралы айтылған екен, анықтайық.

Постқа тіркелген фотосуретте аргентиналық жазушы Агустина Бастерриканың «Ерекше ет» кітабы көрсетілген. Бұл 2017 жылы шыққан және Clarín сыйлығын алған антиутопия.

Кітаптың сюжеті таң қалдырады. Онда бүкіл мал вирус жұқтырғандықтан адамдар олардан құтылуға мәжбүр болғаны туралы айтылады. Бірақ адамдар еттен бас тартқан жоқ. Адамзат баласы екі санатқа бөлінді – адамдар және «мал адам» (кітаптағы термин – автор.). Адамдар әдеттегідей өмір сүрді – олар жұмыс істеп, отбасы құрды, бір-бірімен сөйлесті. Екіншілері сою үшін өсірілді, тіпті олар сөйлеп, айқайламас үшін дауыс желбезектері кесіп алынған.

Айта кетерлік жайт, Агустина Бастерриканың өзі вегетариан және он жылға жуық уақыт бойы ет жемеген. Ол өзінің кітабымен жануарлардың етін жеу адамдар үшін тамақтану ғана емес, сонымен қатар ерекше рәсім екенін көрсеткісі келді. Мысалы, оның туған жері Аргентинада сиырды сойып, жейді. Бұл қалыпты жағдай. Ал Үндістанда бұған тыйым салынған. Өйткені сиыр қасиетті жануар болып саналады. Ет тұтыну дәстүріндегі осындай сәйкессіздіктерден ол теориялық тұрғыдан каннибализм ажырамас бөлігі болатын мәдениет пайда болуы мүмкін деген ойға түседі. Сонымен қатар адамдарды жейтіндер мен тағамдарға нақты бөлу – бұл қазіргі қоғамдағы жамандық пен қате түсініктерін көрсететін капитализмге сатира. 

Осылайша, Бастеррика өз жұмысында адам жеуге шақырмайды және оқырмандарға оны дұрыс дайындауды үйретпейді. Ол каннибализмді қалыпты жағдай деп танытпайды, керісінше адамдарды өз көзқарасын қайта қарауға, сондай-ақ кейбір қылықтарын, соның ішінде тамақтануды да өзгертуге шақырады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button