Fake News

Фейк: «Жаңа деректер COVID-19-ға қарсы үш рет егілген адамдардың инфекцияға әлдеқайда бейім екенін көрсетті»

Қазнет қолданушылары жаңа ғылыми деректер КВИ қарсы вакцинацияланған және ревакцинацияланған адамдар мүлдем егілмегендерге қарағанда ауруға әлдеқайда бейім екенін дәлелдейді деген ақпарат таратуда. Бұл өтірік.


Қазнетте тараған деректерді ғылыми институт немесе қадағалау органы емес, COVID-19 талдауын тапсыруға болатын Walgreens дәріханалар желісі жасаған. Сонымен қатар компанияның есептеріне белгілі бір қаланың немесе елдің барлық тұрғындары емес, осы дәріханалар желісінде тест тапсырғандар ғана кірген.
Есепте дәріханалар желісінде вакцинаның үш дозасын алғандар арасында оң КВИ сынақтарының саны көп болғаны жазылғаны рас. Алайда, құжаттың толық нұсқасында, біріншіден, вакцинацияланбаған адамдар тестті аз тапсырады деп айтылған. Екіншіден, Walgreens мәліметтері бойынша, вакцинацияланбаған адамдар эпидемиологиялық жағдайы қолайлы аймақтарда тұрады және олардың көбі COVID-19-бен бұрын аууырған.
Factcheck.org порталында осы жылдың 10 маусымында Walgreen есебін вакциналардың тиімсіздігінің дәлелі ретінде қабылдауға болмайтыны туралы жазылған материал жарияланды.
Мақалада дәріханалар желісіндегі пациенттерді іріктеу мемлекет, әсіресе әлем бойынша қандай да бір қорытынды жасау үшін аса ауқымды болммағаны, сондай-ақ бастапқы «шикі» деректердің көбі бұрмаланған, мұны вакцинацияға қарсы адамдар өз пайдасына барынша қолданып отырғаны айтылған.
Вакциналардың әсері бар, сондай-ақ олар адамдарды вирустан және аурудың ауыр ағымынан қорғайтындығын дәлелдейтін рецензияланған және ауқымды ғылыми зерттеулер жеткілікті. 

Мамандар дельта және омикрон вирусының нұсқаларына қарсы вакциналардың бустерлік дозаларының тиімділігін жеке бағалады. Зерттеу нәтижелері ревакцинация дерт жұқтырған жағдайда асқынулар мен ауруханаға жатқызу қаупін азайта алатынын көрсетті.
Демек, таратылған ақпарат пайдаланушыларды шатастырады. Жеке дәріханалар желісінің деректері жалпы вакциналардың тиімділігі туралы сенімді қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button