Алаяқтар қазақстандықтарды ірі эоектр желілерін басқару компаниясының атынан алдауда

Әлеуметтік желілерде KEGOC бағдарламасы бойынша дивидендтер төлеу туралы жалған жарнама таралуда. Әрбір қазақстандық 70 мың теңге салып, 200 мың теңге ала алады екен. Бұл алаяқтардың ісі.
«KEGOC» АҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Интернет желісінде алаяқтар «KEGOC» АҚ акциялары бойынша фишингтік жарнама таратып жатыр. Бұл жалған ақпарат болып табылады және адамдарды шатастырып, қаржылық алаяқтыққа себеп болуы мүмкін.
«KEGOC» АҚ пайдаланушылардан бұл жарнамаға назар аудармауды, жеке деректер мен құпия ақпаратты енгізбеуді және сақ болуды сұрайды.
«KEGOC» АҚ акциялары тек KASE және AIX биржаларында орналастырылған, олар бойынша кез келген операцияны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі немесе басқа да уәкілетті орган лицензиялаған брокерлермен ғана жүргізу қажет», – делінген «KEGOC» АҚ ресми хабарламасында.
Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ туралы ақпарат ресми сайтта және Facebook пен Instagram әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда орналастырылған.