Fake News

Фейк: «Маймыл шешегінің өршуіне COVID-19 қарсы вакциналардағы шимпанзе аденовирусы себеп болды»

Әлеуметтік желі қолданушылары маймыл шешегінің пайда болуы COVID-19 қарсы вакциналарын өндіруде қолданылған шимпанзе аденовирус векторынан туындаған деген теория талқылануда. Бұл теорияны талқылап, оның неге жалған екенін түсіндірейік.

Біріншіден, шимпанзе аденовирусының вирустық векторы AstraZeneca әзірлеген COVID-19 қарсы вакцина өндірісінде ғана қолданылды.

Қазақстанда бұл препарат тіркелмеген. Елімізде мақұлданған «Спутник-V» вакцинасы да вирустық вектор негізінде жасалған, алайда онда шимпанзенің емес, адамның аденовирусы пайдаланылған.
Екіншіден, вирустық вектор – бұл тұтас вирус емес, оның аз ғана бөлігі, ол жұқпайды да, көбеймейді де.
Үшіншіден, шимпанзе аденовирусы маймыл шешегінің қоздырғышы емес. Бұл ауру адамзатқа бұрыннан белгілі және жақсы зерттелген маймыл шешек вирусынан туындайды. Демек, шимпанзе аденовирусының маймыл шешегімен байланысы теориялық тұрғыдан да болмауы мүмкін емес.

Төртіншіден, географиялық тұрғыдан вакцина мен шешек ауруының байланысы туралы теория дұрыс бола алмайды. Маймыл шешегі 22 елде тіркелген, олардың кейбірінде AstraZeneca вакцинасы қолданылмайды. Мысалы, бұл препарат Швейцария мен Венесуэлада тіркелмеген. Алайда, бұл елдерде шешек ауруы бар маймылдар бар.
Маймыл шешек ауруы құрамында шимпанзе аденовирусы бар вирустық вектор бар вакцинадан туындайтыны туралы теорияны Reuters порталы теріске шығарған болатын.
Демек, таратылған хабарламалар – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button