Дәлелсіз: «Вакцинацияланған адамдардың тамырларынан белгісіз ұйыған зат табылды»
Қазнет қолданушылары вакцина алған және кейін қайтыс болған адамдардың қанында шығу тегі белгісіз ұйыған заттар табылған деп жазды. Бұл қан емес, «ғылыми авторитаризмнен» қорқып, әлемнің бірде-бір зертханасы оларды зерттемеген. Мұның бәрі дәлелсіз.
Белгісіз ұйыған заттар туралы хабарламаға микроскоппен түсірілген суреттер тіркелген. Алайда, олар мұндай суреттерге ұқсамайды. Биологияда микроскопия контрастының бірнеше түрі қолданылады, мысалы, ашық немесе қара өрістерді поляризациялау әдістері. Осы әдістердің әрқайсысына арналған суреттерді Интернеттен табуға болады. Таратылған суреттер қандай да болмасын контраст әдісін қолдана отырып, микроскоппен түсірілген бірде-бір суретке ұқсамайды.
Оның үстіне бұл фотолар қарапайым заттардың макротүсірілімінің нәтижесіне ұқсайды. Мұны, заттардың көлеңкесінен байқауға болады, ал микроскопияда әдетте ондай болмайды.
Қазнетте фотода көрсетілген заттар адамшөп тамырының тілімдеріне немесе жануарларға арналған кептірілген ет кесектеріне ұқсайды.
Әлемдегі бірде-бір зертхана бұл ұйыған заттарды талдауға келіспеді деген теория күмәнді. Біріншіден, егер аутопсия кезінде адамдардың денелерінде ерекше қосылыстар анықталса, онда олар оны міндетті түрде талдауға тиіс. Екіншіден, әлемде кез-келген затты талдауға алатын жеке және тәуелсіз зертханалар көп.
Сондай-ақ Желіде тараған суреттер COVID-19 қарсы вакцинацияның жағымсыз әсерлері туралы ешқандай, тіпті рецензияланбаған ғылыми зерттеулерде де жарияланбағанын атап өткен жөн. Яғни, фотосуреттерде қайтыс болған адамдардың тамырларынан алынған заттар бейнеленгенін дәлелдеу мүмкін емес.
Сонымен қатар қастандық теорияларын жақтаушылар өздерінің конспирологиялық идеяларын растау үшін бірнеше рет бөгде заттарды ұсынған боалтын. Мысалы, біз балалар ойыншығын графен оксиді, 3D анимацияны мидағы наночип және нейрондық байланыстардың қалыптасуын егілген адамның ағзасында вакциналардан нанобөлшектердің қалыптасуы деп ұсынған видеоларды жоққа шығардық.
Демек, егілген адамдардың тамырларындағы белгісіз заттар туралы таратылған ақпарат мүлдем дәлелденбеген.