Фейк: «Науқастарға толы ауруханалар видеосы киноалаңдарда түсіріледі
Қазақстандықтар COVID-19 пациенттеріне арналған аурухана бөлімшесіндегі түсірілім процесінің бейнеролигін талқылауда. Пайдаланушылар операторлар мен түсірілім жабдықтарының санына қарағанда, бұл аурухана емес, кино түсіру алаңы, ал дәрігерлер мен пациенттер – актерлер деген қорытынды жасаған. Бұл олай емес.
Шын мәнінде, бұл видео 3 және 4 наурызда Израильде «Асаф ха-Рофе» медицина орталығында түсірілген. Кадрларда аурухана бөлімшесі ретінде қайта жабдықталған жерасты көлік тұрағы көрсетілген. Төтенше жағдайларда пациенттер үшін қосымша төсек-орындарды тез және артық шығынсыз орналастыру мүмкіндігі аса маңызды.
– Видеода көргендеріңіз – бұл біздің тұрағымыздағы жаңа апаттық құрылғымыз. Біз автотұрақты жедел жәрдем ғимаратына қалай айналдыруға болатындығын суретпен көрсетпек болдық. Біреулердің бұл видеоны вакцинаға қарсы құралға айналдыруға тырысатыны өкінішті. Біздің бұған ешқандай қатысымыз жоқ және біз осы қастандық теориясына қарсымыз, – деді аурухана өкілі Лиад Авиель Franceinfo басылымына.
Израиль клиникасында жерасты тұрағын қайта жабдықтап, оны аурухананың толыққанды бөліміне айналдыру туралы репортажды Желіден табуға болады.
Медицина орталығының ресми парақшасында жер асты паркингін қайта жабдықтау және жарақтау процесінің сипаттамасы ұсынылған.
Демек, бұл ролик науқастарға толы ауруханалар туралы репортаждардың жалған екенін дәлелдейді деген тұжырым жалған. Бұл кадрлар әлемдегі барлық аурухана басшыларына қажет болған жағдайда, науқастарға қосымша төсек-орындарды тез құруға және жабдықтауға көмектесуге арналған.