Fake News

«Коронавируспен ауырғандарға 50 мың теңге» – әлеуметтік желілерде тақырыппен манипуляция жасалуда

 

Бірқатар қазақстандық БАҚ-тарда және топтарда «Алматыда коронавируспен ауырғандарға 50 мың теңгеден төлеу жоспарлануда» деген тақырыппен жаңалық жарияланды.

 

Шын мәнінде, бұл жерде «Алматыда пандемия кезінде мұқтаж жандар санатына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімнің жобасы сөз болып отыр. Құжат қазір жергілікті мәслихаттың қарауында. Түсіндірме хатта жазылғандай , халықтың әлеуметтік осал топтарына материалдық көмек көрсетіледі. Талқылауға шығарылған құжатпен «Ашық НҚА» сайтында толығырақ танысуға болады.

 

«50 мың теңге төлеу» туралы манипулятивті тақырыптарды Instagram-дағы стористен жиі кездестіреміз, ондағы сілтеме арқылы өтсек, ресурстың негізгі парақшасына өтіп, жаңалықты оқуға болады. Бірақ мақала толық берілгенімен, пабликтердің авторлары өз оқырмандарын алдайды.

Мысалы, Instagram-да 67 мың жазылушысы бар Skandal_qaz ресурсы жаңалықты жазбаған және «COVID-19-пен және пневмониямен ауырғандардың бәрі» төлемді ала алады деп пайдаланушыларды шатастырады.

Ақпарат соңында жазба авторы шындыққа жанасатын мәліметтер толық жазылған https://holanews.kz/ сайтына сілтеме берген.

Бірақ Instagram-да көрсетілген сілтемелердің барлығы баылмайды, яғни пайдаланушы басқа ресурсқа өтіп, дереккөзді таба алмайды. Оның браузерге кіріп, ұсынылған сілтемені қолмен теруі екіталай.

Бұл әлемдік БАҚ пен интернет-ресурстар қолданатын аздаған манипулятивтік тәсілдердің бірі. Ол «Әсерлі тақырып» деп аталады және сайтқа немесе ресурсқа адамдарды тартуға бағытталған. Осылайша, сайттар «трафикті арттырады», яғни сайтқа кірушілер санын арттырады. Ал инстаграм-пабликтер жарнаманы қымбатырақ сату үшін жаңа жазылушыларды өз ресурстарына тартады.

«Әсерлі тақырыптар» қою бойынша бірнеше оқулық жарық көрген, тактикалар мен стратегиялар әзірленген, сарапшылар SEO бойынша шеберлік сыныптары мен семинарлар (SEO (Search Engine Optimization) – іздеу жүйелерінде мақсатты іздеу сауалдары бойынша сайттың көріну деңгейін арттыру жөніндегі шаралар) өткізеді.

 

 

Әсерлі тақырыптардың кемшілігі неде? Олар адамдарды шатастырады, нәтижесінде мақаланы соңына дейін оқымағандар, оның мазмұнын өз ыңғайына қарай өзгертіп, туған-туыстары мен таныстарына таратады. Фейктер осылай қалыптасады, ал жалған ақпарат таратқан үшін көптеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Әділетсіз интернет-ресурстардың айласына түсіп қалмау үшін ақпаратты оқып, оны таратпас бұрын тексеріп алыңыз. Мұның ең оңай жолы – мемлекеттік органның ресми сайтындағы немесе бірнеше БАҚ-тағы мәліметтерді нақтылау қажет.

 

Ал сіз «Әсерлі жаңалықтарды» ажырата аласыз ба?

Loading ... Loading ...

Басқа жаңалықтар

Back to top button