Фейк: «Сақтандыру компаниялары коронавирусқа қарсы вакцинацияланған клиенттердің отбасыларына төлем жасаудан бас тартады»
Әлеуметтік желілерде АҚШ-та сақтандыру компаниялары COVID-19 қарсы вакцина алған адамдардың туыстарына өмірді сақтандыру төлем жасаудан бас тартқаны туралы видео таратылуда. Бұл тәжірибе француз соттары коронавирусқа қарсы вакцинацияланған адамның өлімі сақтандыру жағдайы емес деген шешімінен кейін қолданыла бастаған екен. Бұл жалған.
Видеода бұған дейін бірнеше рет жалған ақпарат таратқан America’s Frontline Doctors тобының спикері, өз өмірін бәлен миллионға сақтандырып, коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болған француз кәсіпкері туралы айтады. Сақтандыру компаниясы оның туыстарына төлем жасаудан бас тартқан, өйткені сақтандыру полисінде тәжірибелік дәрі-дәрмек пен емдеуді, соның ішінде коронавирусқа қарсы егілу қарастырылмаған. Отбасы оны сотқа берді. Фемида сақтандырушыларды кінәсіз, ал клиенттің өлімін өз-өзіне қол жұмсау деп таныған.
Спикердің пайымдауынша, америкалық сақтандырушылар, егер клиент коронавирусқа қарсы егілген болса, оның отбасына төлем жасаудан бас тартады.
Франция Әділет министрлігі Reuters агенттігі жолдаған сауалда, бұл іс бойынша жазбалар жоқ деп мәлімдеді: «Әділет министрлігі сақтандыру компанияларының COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болуға байланысты өмірді сақтандыруды төлеуден бас тарту туралы шешімін қолдаған француз сотына қатысты бұл сот ісі туралы ештеңе білмейді»
Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакцина алғандарға төлем жасалмайтыны туралы хабарламалар 2021 жылғы наурыздан бастап таралуда. 280 компанияның өкілі болып табылатын америкалық өмірді сақтандырушылар кеңесі (ACLI) 2021 жылғы қыркүйекте мұндай мәлімдемелер «жалған ақпарат» және COVID-19 қарсы вакциналар сақтандыру төлемдерінен бас тартумен байланысты емес деп ресми мәлімдеді.
Вакциналардың тәжірибе болғаны да өтірік. Олардың қауіпсіздігі аяқталған клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулермен расталады.