Fake News

Фейк: «Pfizer микрочиптері бар таблетка шығаруды жоспарлап отыр»

Telegram мессенджерінде бас директор Альберт Бурла Pfizer компаниясының «дәрі-дәрмек сіңгеннен кейін тиісті органдарға сымсыз сигнал жіберетін» микрочиптері бар таблеткалар шығаруды жоспарлап отыр деп мәлімдеді. Бұл жалған.


Альберт Бурланың кіріктірілген микрочиптері бар таблеткалар туралы айтқаны рас. Бұл мәлімдеме 2018 жылы жасалды және Pfizer компаниясының нақты жоспарларына қатысты болмаған.
Дәрі-дәрмектегі арнайы микрочиптер туралы сөздер 2017 жылдың қараша айында Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық бақылау басқармасымен мақұлдаған Abilify MyCite препаратына қатысты айтылған. 
Бұл шизофрения, биполярлық бұзылыс және кейбір жағдайларда депрессияның ауыр түрлеріне шалдыққан науқастарға тағайындалатын дәрі.
Таблеткадағы микрочипте арнайы портативті құрылғыға сигнал беретін арнайы сенсорлар бар. Науқас оның көмегімен қажетті дәрі-дәрмекті қабылдаған-қабылдамағанын бақылайды. Пациенттің қалауымен портативті құрылғының сигналы емдеу процесін бақылау үшін емдеуші дәрігерге де берілуі мүмкін. Мәліметтер үшінші тұлғаларға берілмейді.
Abilify MyCite препараты дәрі-дәрмекті қабылдау процесін басқара алмайтын психикалық бұзылулары бар адамдарға арналған, ал микрочип оларға емдеу режимін бұзбауға көмектеседі.
Альберт Бурла бұл таблеткалар туралы медицина мен фармацевтиканың дамуы тұрғысынан айтты. Pfizer дәл осындай немесе ұқсас дәрі-дәрмек шығара бастайды деген мәлімдеме жасаған жоқ.
Демек, Pfizer чиптері бар таблеткалар шығара бастайды деген ақпарат – фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button