Fake News

Фейк: «Әлем үкіметтері вакциналардың иммун тапшылығын тудыратынын растады»

Telegram мессенджерінде әртүрлі елдердің үкіметтері COVID-19 қарсы вакциналар иммун тапшылығын тудыратынын растағаны туралы ақпарат тарады. Бұл вакцинацияланған адамдар арасында COVID-19 және басқа да ауыр аурулармен сырқаттанушылық деңгейінің жоғары болуымен расталады екен. Бұл фейк.


Ақпарат көзі – псевдоғылыми және конспирологиялық мақалалар жариялайтын The Exposé порталы. Осы көзден тараған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.
Мақала мәтінінде елдер үкіметтері вакциналардың иммун тапшылығын тудыратынын растағаны айтылған. Бұл олай емес.
Іс жүзінде әлемде бірде-бір ел үкіметі ешқашан COVID-19 немесе басқа ауруларға қарсы вакциналар иммун тапшылығын тудыруы мүмкін деп мәлімдемеген.
Сонымен қатар, вакцинацияға қарсы адамдар айтып отырған вакциналық индуцирленген иммун тапшылығы деп аталатын ауру жоқ. Сарапшылар мен фактчекерлер бұл аурудың ойдан шығарылғанын және ешқандай вакциналар иммун тапшылығын тудыра алмайтынын бірнеше рет айтқан болатын. 
Адамда иммун тапшылығы синдромы адамнан адамға қан мен дене сұйықтықтары арқылы берілетін адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде ғана дамиды. 
Вакцинацияланған адамдар арасында егілмегендерге қарағанда COVID-19 жұқтырғандар көп деген пікірлер жалған. Бұл әртүрлі елдердің ресми статистикасымен расталады.
Вакцинацияланған адамдар басқа ауыр аурулармен жүздеген есе жиі ауырады деген тезис те жалған. Ол АҚШ-тың әскери денсаулық сақтау жүйесіне тиесілі DMED базасынан алынған мәліметтерді қате түсіндіруден шыққан.
Қорыта айтқанда, ақпарат тұтастай – фейк. Дереккөз өте сенімсіз, ал келтірілген мәлімдемелер дәлелденбеген немесе бірнеше рет теріске шығарылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button