Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар тәжірибеге арналған»
Танымал қазақстандық Telegram-арнада фармацевтикалық индустрияда жиырма бес жыл жұмыс істегенін айтқан бір әйелдің бейнесі таратылуда. Оның айтуынша, COVID-19 қарсы вакциналар тәжірибеге арналған және вакцинация балалардың өміріне қауіпті болуы мүмкін. Ол балалар аурудың өзінен өлмейді, бұл вакцинация қаупін мүлдем негізсіз етеді деп мәлімдейді. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндірейік.
COVID-19 қарсы вакциналар және оларды әзірлеу технологиялары тәжірибеге арналмаған. Ғалымдар м-РНҚ-технологиясын ондаған жылдар бойы зерттеуде.
Оның негізінде жасалған екпелер адамдарды вакцинациялай бастағанға дейін барлық клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтті, олар туралы есептер желіде қол жетімді.
Балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауға жіберу үшін вакцина жеке сынақтардан өтіп, жақсы нәтиже көрсетті.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған вакциналардың қауіпсіздігі бойынша басқа да зерттеулер жүргізілді. Тәуелсіз ғалымдар олардың нәтижелерін бағалап, салыстырды және вакциналарды денсаулыққа қауіпті деп санауға ешқандай себеп таппады.
Балалар COVID-19-дан өлмейді деген тезис – манипуляция.
Балалар жалпы, ересектерге қарағанда жеңіл аурады, дегенмен олардың арасында да қатты ауырып, көз жұмғандар бар. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, биыл қараша айында COVID-19 3.3 миллион адам қайтыс болған, оның ішінде 11 700-ден астамы 20 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Қазақстанда да COVID-19-дан жан тапсырған балалар бар.
Демек, COVID-19 қарсы вакцинация – бұл олардың өміріне қауіп төндіретін тәжірибе деген пікір фейк. Вакциналардың қауіпсіздігі аяқталған клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулермен расталады. Сондай-ақ, балалар арасында да COVID-19 салдарынан болған өлім-жітім тіркелді.