Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардың кейбір партиялары өлімге әкеледі»

Telegram-да қазақстандықтар доктор Зеленконың COVID-19-ға қарсы вакциналардың кейбір партиялары басқаларына қарағанда 50 есе қауіпті деп мәлімдеген бейне сұхбатын таратуда. Ол вакцинацияланған адамдар арасында жаппай өлімнің болмауын осылай түсіндіреді. Бұл жалған.

Израильдік дәрігер Владимир Зеленко COVID-19 пандемиясының басталғанда желіде кеңінен танымал болды. Оның ізет тұтынушылардың басым бөлігі қастандық теорияларын жақтаушылар, covid-диссиденттер және вакцинацияға қарсы адамдар. Доктор Зеленко – SARS-CoV-2 вирусы – бұл гидроксихлорохин мен ивермектин препараттарының көмегімен бейтараптандыруға болатын биологиялық қару, ал вакциналар – адамзатты жою құралы деген негізсіз және ашық жалған идеяларды белсенді таратушы.

Жалған және конспирология: «SARS-CoV-2 – бұл биологиялық қару»

 

Ол тіпті өзінің емдеу әдісін ойлап тапқан. Доктор 669 адамды, оның ішінде АҚШ экс-президенті Дональд Трампты емдеген екен. Бұған ешқандай дәлел жоқ.

Оның вакциналардың кейбір партиялары өлімге әкелетіні туралы тұжырымдары да негізсіз. Біріншіден, бұл теория бұрын желіде таралған және жалған болып шықты.

Екіншіден, Зеленконың «бір ампула 10 адамды өлтіреді» деген сөзі шындыққа жанаспайды, өйткені препараттың бір ампуласында ең көп дегенде 10 доза болады, ал Astra-Zeneca екпесінде одан да аз. 

Үшіншіден, COVID-19-ға қарсы вакциналар, оның ішінде олардың құрамы, қарсы көрсетілімдері мен ықтимал жанама әсерлері туралы барлық ақпарат ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің порталында ұсынылған.

Төртіншіден, әртүрлі топтардағы вакциналар құрамында елеулі айырмашылықтардың болуы екіталай, өйткені Қазақстанда вакциналардың сапасы мен халықаралық стандартқа сәйкестігін «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес қадағаланады. Шетелден әкелінетін барлық дәрі-дәрмек үшін 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясының талаптарына сәйкес нотариалды куәландырылған немесе апостильденген GMP сертификатының көшірмесі қажет.

Бесіншіден, доктор Зеленконың тұжырымдары шындыққа қайшы келеді. Бүгінгі таңда әлемде бес миллиардтан астам адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның кемінде бір дозасымен егілді. Жалпы алғанда, оларға препараттың 11.37 миллиард дозасы берілді. Доктор Зеленконың логикасына сүйенсек, бұл дозалардың айтарлықтай бөлігі өлімге әкелуі тиіс болатын. Алайда, әлемде вакцинацияланған адамдар арасында жаппай және жұмбақ өлім байқалмайды.

Демек, Владимир Зеленконың вакциналардың қауіптілігі туралы айтқанына сенуге негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button