Fake News

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулар ауруханаларының бос тұрғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханалары бос, ал КВИ-мен сырқаттанушылық статистикасы қолдан жасалады деген пікірлерін білдіруде. Бұл олай емес.


Facebook қолданушысының айтуынша, еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалары бос тұр, оның танысы ауруханаға түскенде басқа науқастарды көрмеген екен. Бұл мәлімдеме еліміздегі қазіргі нақты жағдайға қайшы.

– Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Госпитальдар бос тұрған жоқ, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалардың жүктемесі 40% құрады. Науқастардың басым бөлігі Алматы ауруханаларында тіркелген – 3 430, Алматы облысында – 2 460. Олардан кейін науқастар саны бойынша Қарағанды облысының жұқпалы аурулар ауруханалары тұр. Пациенттер 1082 төсек-орынға жатқызылды.
Жалпы, еліміздің барлық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі кезде 12 482 төсек-орын қолданылуда.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button