Fake News

Фейк: «КВИ қарсы уытты вакциналар партияларында арнайы белгілер бар»

Telegram-да пайдаланушылар COVID-19 қарсы ерекше улы вакциналар бар деп жазуда. Мұндай «қауіпті» препараттар партияларының қаптамасында арнайы кодтар бар. Бұл жалған.

Вакциналардың аса қауіпті партиялары туралы алғаш рет доктор Джейн Руби The Stew Peters Show эфирінде мәлімдеген болатын.

Доктор Рубидің өзі де, ол қатысқан шоу да сенімді ақпарат көзі емес.
Мысалы, өткен жылы жазда Джейн Руби КВИ қарсы вакциналардың құрамында магниттік заттар бар деп айтқан. Бұл мәлімдеме толығымен жалған болып шықты. 
The Stew Peters Show, өз кезегінде, жалған ақпарат таратуға арналған өзіндік құрал. Нақ осы бағдарламада әр жолдары вакциналарда графеннің болуы, SARS-CoV-2 вирусының жоқ екендігі туралы тезистер және басқа да негізсіз және фейк теориялар айтылды.
Бұл жолы бағдарлама эфирінде партия нөмірінде белгілі бір белгілер қойылған Pfizer/Biontech және Moderna шығарған вакциналар аса уытты екендігі туралы идея айтылды. Бұл пікірін білдіре отырып, доктор Джейн Руби ешқандай дәлел келтірген жоқ және кейбір партиялардағы вакциналардың басқаларға қарағанда қауіпті немесе қауіпсіз болатынын түсіндірмеді. Ол бір талдауға сүйенген, бірақ оны кім, қайда, қашан және нені талдағанын айтпды.
Джейн Рубидің сөздері шындыққа айналуы мүмкін деп айтуға негіз жоқ. Pfizer/BioNTech және Moderna вакциналарының құрамы көпшілікке қол жетімді және партияға байланысты өзгермейді.
Сондай-ақ, «қауіпті» және «қауіпсіз» вакциналар партиялары туралы әртүрлі теорияларды конспирологтар барлық вакцинацияланған адамдардың қайтыс болуы туралы «болжамдары» орындалмайтыны белгілі болғаннан кейін тарата бастағанын атап өткеніміз жөн. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін олар егілген адамдар иммундаудан кейін жарты жылдан кейін қайтыс болады деп жазған. 
Осылайша, арнайы белгілермен белгіленген COVID-19 қарсы вакциналардың «аса қауіпті» партиялары бар деген қауесеттерге сенуге еш негіз жоқ. Әр түрлі компаниялар шығарған КВИ қарсы вакциналардың құрамы көпшілікке қол жетімді және партия нөміріне байланысты өзгермейді. Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтармен дәлелденген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button