Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналарының басқа медициналық араласулар мен дәрі-дәрмекке қарағанда жанама әсері көп»

Қазақстандықтар Telegram-чаттарда COVID-19-ға қарсы вакциналардың ықтимал зиянын талқылауды жалғастыруда. Бұл жолы олар КВИ қарсы вакциналардың адамзат тарихындағы басқа медициналық араласулар мен дәрі-дәрмекке қарағанда жанама әсері көп деген теорияны алға тартуда. Бұл олай емес.


Бұл теорияның дәлелі ретінде пайдаланушылар COVID-19-ға және басқа да ауруларға қарсы әртүрлі вакциналардың атаулары көрсететін кестені ұсынады. Препараттардың атауларына қарама-қарсы, жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар саны және пайыздық көрсеткіші жазылған. Кестені кімнің жасағаны белгісіз, сәйкесінше, берілген деректердің дұрыстығын растау мүмкін емес. Алайда, жағымсыз реакциялар туралы келіп түскен хабарламалар саны бар бағанаға сүйенсек, кесте вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бақылау жүйелерінің бірінің мәліметтері негізінде жасалған деп болжауға болады. Олардың кейбіреулері ашық, яғни кез келген адам оған ықтимал жанама әсері туралы хабарлай алады, ал вакцина жасау фактісін растау қажет емес. Мұндай жүйелер туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк: «ДДСҰ COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін мыңдаған адам өлімін тіркеді»

Жалпы, COVID-19 қарсы вакциналар тарихтағы кез келген басқа дәрі-дәрмекке қарағанда қауіпті деген тезистің өзі фактілерге қайшы келеді.
Біріншіден, күтпеген елеулі жанама әсерлерге байланысты әлемде немесе жекелеген елдерде қолдануға тыйым салынған препараттардың ауқымды тізімі бар. Егер вакциналар шынымен де қауіпті болса, онда оларды қолдануға тыйым салынатын еді.
Екіншіден, медицина тарихында аса қауіпті заттарды дәрі ретінде қолданылғанына мысал көп. Мәселен, 1970 жылдары дәріханаларда хлороформ қосылған жөтелге қарсы шәрбат сатылған, ал XIX ғасырдың соңында дәрігерлер суық тиюді героинмен емдеуді ұсынған.
Егер постта айтылғандай, жалпы медициналық араласуларға тоқталатын болсақ, онда бұрын кеңінен қолданылған лоботомия және электрошок терапиясы сияқты процедураларды елеусіз қалдыруға болмайды. Мұндай әдістерді қолданудың нәтижесінде көптеген пациент көз жұмды немесе өмірінің соңына дейін әрекетке қабілетсіз болып қалды. Ең жарқын мысалдардың бірі – АҚШ экс-президентінің әпкесі Джон Ф. Кеннеди – Розмари Кеннеди, лоботомиядан кейін оның ақыл-ойы қалпына келмеген және ол өмір бойы біреудің көмегіне мұқтаж болды.
COVID-19 қарсы вакциналар осыған ұқсас жанама әсерлер тудыруы мүмкін деп болжауға еш негіз жоқ. Бүгінгі таңда әлем бойынша 826.15 миллион адам вакцина салдырды, бұл Жер тұрғындарының 10,6% құрайды. Вакциналардың өлімге әкелетіні немесе қауіпті созылмалы аурулар тудыратыны туралы расталған деректер жоқ. Бүгінгі таңда қолданылатын барлық вакциналар клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтіп, тиімді және қауіпсіз деп танылды. 
Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакциналар тарихтағы басқа дәрі-дәрмекке қарағанда жағымсыз реакцияларды көп тудырады деген хабарламалар негізсіз. Бұл ақпараттың дереккөзі белгісіз, ал тезистің өзі ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button