Fake News

Дәлелсіз: «Қараша айында әлемде жаңа локдаун болады»

Қазнет пайдаланушылары глобалистердің осы жылдың қараша айында әлемде локдаун дайындап жатқандығы туралы жазуда. Олар доктор Фаучидің CNN телеарнасындағы сөзінен кейін осындай қорытынды жасаған. Шын мәнінде, ол жаһандық карантиндік шектеулер туралы айтқан жоқ.


Доктор Энтони Фаучи – АҚШ президенті Джо Байденнің кеңесшісі, ол биыл 18 наурызда COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын және қажет болған жағдайда шектеулер енгізу үшін аурудың таралуы мен өлім-жітімді бақылау қажет деп мәлімдеді. Алайда, АҚШ-та, тіпті әлемде толық локдаун енгізу туралы сөз болған жоқ. 
Сонымен қатар, Энтони Фаучи АҚШ-тан тыс жерлерде карантиндік шектеулер енгізу немесе алып тастау туралы мәселелерді шешпейді. Бұл мәселелермен әрбір жеке мемлекеттегі санитарлық дәрігерлер айналысады. Бұл ретте олар сырқаттанушылық статистикасы мен аурудың ауырлығының негізінде шешім қабылдайды.
Биыл қаңтар айында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде «шектеу шаралары әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты нысандарда сараланған түрде қолданылатын болады» деп айтқан болатын. 
30 наурыздағы деректер бойынша Қазақстанда КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша жағдай тұрақты, елдің барлық өңірлері «жасыл» аймақта орналасқан.

Қазіргі кезде қараша айындағы эпидемиологиялық жағдайға нақты болжам жасау мүмкін емес. Демек, бүкіл әлемде пандемияның жаңа толқыны болады деп айту негізсіз. Доктор Фаучидің сөзін жорамал немесе жоспар деп қабылдауға болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button