Fake News

Фейк: «Егілген адамдар таратқыштарға айналады»

Желіде вакцинацияланған адамдар арнайы жиіліктер шығаратын таратқыштарға айналатыны туралы видео жарияланды. Бұл факті ғылыми түрде расталған екен. Бұл рас па, тексерейік.

Таралған видеода ғалым егілген адамдардың денелері белгілі бір радиомагниттік толқындар шығаратынын растайтын зерттеулер жүргізгенін айтады. Бұл – мексикалық әскери дәрігер Педро Чавес Савала. Ол дәлелденбеген «биоэнергетикалық» терапияны белсенді түрде насихаттайтын ұйымға мүше. Савала Желіде COVID-19-ды ешқандай дәлел келтірместен хлор диоксидімен емдеуге болады деп бірнеше рет мәлімдегенімен танымал болған.

Оның вакцинацияланған адамдар шығаратын толқындар туралы қазіргі мәлімдемелері де дәлелсіз. Интернетте Савала экспериментінің барысы мен нәтижелерін сипаттайтын бірде-бір ғылыми мақала немесе зерттеу хаттамасы табылған жоқ.

Демек, Педро Чавес Саваланың айтқандарына сенбеген жөн.

Оның әріптесі видеода COVID-19 қарсы вакциналарда графен бар екені дәлелденген Пабло Кампра жүргізген басқа зерттеуге сүйенеді. Ол графеннің электромагниттік сәулеленудің көзі болып табылатына сенімді. Бірақ бұл мәлімдемелердің барлығы ғылымға қарсы. Біріншіден, Пабло Кампраның вакциналардан графен тапқаны сипатталған «зерттеуі» жалған деп танылды. Кампра өз жұмыстарына қолдау көрсетті деген Альмерия университеті бұған ешқандай қатысы жоқ және Кампраның тұжырымдарын қолдамайтынын ресми түрде мәлімдеді. 

Екіншіден, графен – бұл көміртектің аллотропты модификациясы, ол өздігінен ешқандай толқын шығармайды. Сонымен қатар графен, керісінше, артық жылуды тарату арқылы электромагниттік сәулеленуді бұғаттайды. Енді графенді осы мақсаттарда қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Графен де, оның туындылары да вакциналардың құрамына кірмейді. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары да, тар шеңберлі мамандар да бірнеше рет айтқан. 

Вакциналарда чиптер, бақылау құрылғылары, таратқыштар және басқа да техникалық құрылғылар жоқ екендігі де дәлелденген. Бұл ғылыми тұрғыдан мүмкін емес.

Демек, вакцинацияланған адамдар таратқышқа айналмайды. Олар COVID-19 жұқтырған жағдайда ауыр ағымнан және өлімнен қорғалады. Олай болса, таралған видеодағы мәлімдемелер жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button