Британиялық дәрігердің коронавирус – алаяқтық деген мәлімдемесі – жалған
Қазнетте британиялық дәрігер Мухамед Адиль жазған бейнеролик кеңінен тарады. Дәрігердің пайымдауынша, «коронавирус – жаңа нәрсе емес, ол біздің арамызда және бойымызда көп жыл бойы болған». Сондай-ақ, ол COVID-19-дан болатын өлім-жітімнің аздығы және маскалар адамдар дауыстап сөйлемеуі үшін қажет деп мәлімдеді.
Бұл теорияның неге шындыққа жанаспайтынын түсіндіріп өтейік.
Біріншіден, «коронавирус» адамзат үшін жаңа нәрсе емес деп айтқан дұрыс емес. Коронавирустар – бұл вирустардың тұтастай бір тобы, оның 43 түрі бар. Sars-coV-2, COVID – 19 пандемиясына себеп болған вирус – солардың бірі. Бұл штамм тек 2019 жылдың соңында ғана анықталды және олар биылғы жылдың қаңтарында оның геномы толығымен ашылды.
Екіншіден, COVID-19 өлім-жітім көрсеткіші маусымдық тұмауға қарағанда жоғары. ДДСҰ мәліметтері бойынша, науқастардың 3-4% – ы коронавирустық инфекциядан қайтыс болады. Маусымдық тұмау кезінде өлім көрсеткіші әдетте 0,1% дейін болады.
Үшіншіден, қолды жиі жуу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және медициналық бетперде тағу сияқты COVID-19 алдын алу шаралары вирустың таралуын бәсеңдетуге бағытталған, бұл – әлемдік үкіметтің қастандығының бір бөлігі емес.
Маскалар адамдарға дауыстап сөйлеуге мүмкіндік бермейді деген пікірге де еш негіз жоқ. Медициналық маскалар бұған кедергі келтірмейді және олардың құрамында дыбыс өткізбейтін материалдар жоқ. Бәлкім, бұл пікірдің астарында дәрігердің маскалар адамның еркін басады деген ойы жатқан шығар. Біз бұл теорияны жоққан шығарған болатынбыз.
Төртіншіден, дәрігер айтқан статистика дұрыс емес. Ол ауруханалардың 80%-ы конравирусқа байланысты жабылды деп мәлімдейді. Бұл көрсеткіш фактілерге қайшы келеді – пандемия кезінде әлем бойынша жедел түрде жаңа ауруханалар салынып, жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау мекемелерінде қосымша орындар ашылды. Атап айтқанда, Қазақстанда пандемияға орай 12 жаңа модульдік аурухананың құрылысы басталды. Олардың жартысы пайдалануға берілді.
Айта кетейік, әлемдік ғылыми қауымдастық дәрігер Мухамед Адильдің жалған сөздерін мақұлдаған жоқ. Осы жылдың маусым айында Ұлыбританияның бас медициналық кеңесі оның медициналық лицензиясын ресми түрде қайтарып алды және оны коронавирус туралы қастандық теорияларын таратып, Біріккен Корольдік үкіметіне қарсы жаппай наразылық білдіруге шақырғаны үшін айыптады. Дәрігер Адильдің лицензиясы қайтарылмайды, ол өмір бойы Ұлыбритания аумағында медициналық тәжірибе жүргізу құқығынан айырылды.