Fake News

Дәлелсіз: «2021 жылы вакциналардан 61000-нан астам адам қайтыс болды»

Telegram-да АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, 2021 жылы COVID-19 қарсы егу науқаны нәтижесінде 61 000-нан астам адам қайтыс болды деген ақпарат тарады. Бұған ешқандай дәлел жоқ.

Біріншіден, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ресми сайтында мұндай мәліметтер келтірілмеген.

Екіншіден, АҚШ-та медициналық препараттарға жағымсыз әсерлер және болжамды жағымсыз реакциялар туралы деректер VAERS жүйесінде сақталады. Бұл пациенттер мен дәрігерлердің дәрі-дәрмекке кез келген жағымсыз реакциялар туралы ерікті өтініштерін жинайтын мәліметтер базасы. Онда COVID-19 қарсы вакцинаны алғаннан кейін болған өлім туралы хабарламалар бар. Алайда, бұл екі оқиға арасындағы себептік байланыстың дәлелі емес.

VAERS сайтында «Есептер толық және нақты емес, кездейсоқ немесе тексерілмеген ақпарат ұсынылуы ықтимал. VAERS-тегі есептердің көбі ерікті болып табылады, яғни олар теріс болуы мүмкін». Сондай-ақ, «вакцинаның жанама әсерлері туралы есеп беру жүйесінің (VAERS) мәліметтер базасында АҚШ-та лицензияланған вакциналармен иммунизациядан кейінгі жанама әсерлер (аурулар, денсаулыққа қатысты мәселелер және/немесе белгілер) туралы тексерілмеген есептер ұсынылған. Есептер кез келген адамнан қабылданады және сайтқа электронды түрде жіберілуі мүмкін» екендігі айтылған.

Вакцинация нәтижесінде орын алған көптеген өлім туралы есептер – бұл вакцинацияға қарсы адамдар қолданатын манипуляциялардың бірі. Тексерілмеген деректерді фактілер ретінде ұсына отырып, олар адамдарды қорқытуға және вакциналар қауіпті және өлімге әкеледі деген идеяны таратуға тырысады. Фактчекерлер мұндай ақпараттарды ұдайы жоққа шығарады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button