Fake News

Фейк: «Қазақстандықтарды дәрігерлер айтқаннан жиі ревакцинациядан өтуге итермелейді»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтарды COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан өтуге мәжбүрлейтіні туралы хабарлама таратылуда. Бұл жағдайда мәтін авторы бұған дейін дәрігерлер вакциналардың алғашқы екі дозасынан кейін иммунитет 3-5 жылға сақталады деп айтқан, бұған қарамастан әр алты ай сайын ревакцинациядан өту қажет. Мұның бәрі – өтірік.


ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осыған қатысты түсініктеме берді.

– Біріншіден, Қазақстанда мәжбүрлі вакцинация немесе ревакцинация жоқ. Бұл заңның барлық нормаларына қайшы келеді. Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинация тек ерікті түрде хабардар етілген келісіммен жүргізіледі, – деді ол.

Вакцинаның бустерлік дозасын алу мерзімдеріне қатысты Ержан Байтанаев COVID-19-ға иммунитеттің 3-5 жылға дейін сақталады деген пікір ойдан шығарылған деп мәлімдеді.
– Біз олай айтқан жоқпыз. Осы тақырыптағы зерттеулер шыққаннан кейін, әлемдік деңгейдегі мамандар да, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да COVID–19 қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет 6-8 айға созылады деп хабарлады. Сондықтан ревакцинация енгізу туралы шешім қабылданды, – деді ол.

Ержан Байтанаев сондай-ақ, алты айдан артық уақыт бұрын егіліп, ревакцинациялануға ниет білдірген Қазақстанның барлық азаматтары кез келген вакцинация пунктіне жүгіне алатынын атап өтті.

– Қазіргі уақытта вакциналар қоры жеткілікті, тапшылық жоқ. Қорда Pfizer/BioNTech компанияларының Comirnaty және Sinopharm өндірген QazVac, VeroCell вакциналары бар, – деді Ержан Байтанаев.

Демек, хабарламада ұсынылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ревакцинация ерікті болып табылады және COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін иммунитет 3-5 жыл емес, 6-8айға дейін сақталады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button