Фейк: «Пандемия туралы телевизиялық сюжеттер – қойылым»
Пайдаланушылар әлеуметтік желілерде Желіде әртүрлі уақытта тараған вирустық роликтердің үзінділерінен құралған видеомен бөлісуде. Олардың бәрі – актер-дәрігерлер мен қағаз толтырылған немесе тірі адамдар киіп алған мәйіттерге арналған қаптар көрсетілген жаңалықтар сюжеттерінің түсірілімдері. Бұл кадрлардың қайдан шыққанын және олардың COVID-19 қойылым екенін неге дәлелдемейтінін түсіндіріп өтейік.
1. Бір қолымен «мәйіт» көтеріп келе жатқан әйел.
Бұл кадрлар 2020 жылы жазда Желіде кеңінен тарады. Ол кезде covid-диссиденттер пандемия ойдан шығарылған, ал індеттен қайтыс болғандарды актерлер ойнайды немесе мәйіттерге арналған қаптарды қағазбен толтыратынын дәлелдемек болған.
Шын мәнінде, фотода 2020 жылғы 27 мамырда Майамиде өткен наразылық акциясы бейнеленген. Ұйымдастырушылар символдық жерлеу рәсімін өткізген, ал қаптар COVID-19 ықтимал құрбандарын бейнелеген. Акция кезінде де, одан кейін де ешкім адамдарды қаптарда қаза тапқан адамдардың денелері бар екеніне сендіруге тырыспаған, сонымен қатар осы оқиға туралы баяндайтын жаңалықтар сюжеттерінде қаптар бутафория болып табылатыны хабарланған.
2. Жедел жәрдем көлігінің алдында тұрған дәрігерлер
Бұл кадрларды covid-диссидент Амстердамда жедел жәрдем дәрігерлерін NRC порталындағы мақала үшін суретке түсіріп жатқан кезде жасаған. Мақалада COVID-19 пандемиясы кезіндегі жедел жәрдем қызметінің жұмысы туралы айтылады және адамдарды шатастыруға бағытталмаған. Дәрігерлердің суреттері материал үшін жасалды және онда бұл рөлді сомдаған актерлер немесе модельдер жоқ.
3. Жүк көлігінің шанағында темекі шегіп тұрған «мәйіт»
Бұл кадрлардың COVID-19 пандемиясына да, жаңалықтар сюжетіне де ешқандай қатысы жоқ. Олар Хаски рэп орындаушысының «Ешқашан» әніне арналған клипін түсіру кезінде жасалды. Бұл туралы біз жазған болатынбыз.
Фейк: «Адамдарды пандемияға сендіру үшін актерлер COVID-19-дан қайтыс болғандарды ойнаған»
4. Адамдарға толы ауруханада түсірілген видео
Шын мәнінде, кадрларда Израильде пандемия кезінде науқастар ағыны көп болғанда «Асаф ха-Рофе» медициналық орталығының жерасты паркингін аурухананың толыққанды бөліміне ауыстырылғаны туралы репортаж түсіру барысы көрсетілген. Бұл туралы мына жерден оқи аласыздар:
Фейк: «Науқастарға толы ауруханалар видеосы киноалаңдарда түсіріледі
5. Қағаз толтырылған мәйіттерге арналған қаптар
Адамдар тобы жерде жатқан мәйіттерге арналған жеңіл қаптардың орнын ауыстырып жатқан кадрлардың пандемияға немесе телевизиялық сюжеттерге еш қатысы жоқ. Шын мәнінде, онда Венесуэлада Каракаста университеттік аурухана студенттерінің наразылығы көрсетілген. Студенттер қара қаптарды қағазбен толтырып, оларды мәйіттерге ұқсайтындай етіп скотчпен орап, денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы өлім-жітімнің жоғары деңгейіне көпшіліктің назарын аудармақ болған.
6. Алтыншы үзіндідегі кадрлар қайталанады
Мұнда Израильдегі Асаф ха-Рофе клиникасында репортаж түсіру барысы көрсетілген.
7. Түсірілімдер үшін әдейі қазылған бос қабірлер
Бұл кадрларда пандемия жағдайында зират қызметкерлерінің күнделікті жұмысы туралы репортаж түсіру процесі көрсетілген. Бұл сюжет әр түрлі мамандық иелері және карантиндік шектеулердің оларға қалай әсер еткені жайлы ұдайы айтып отыратын TV Vitória испан телеарнасында шыққан. Сюжет үшін зират қызметкері Джасимару Лира Рамос Курчеден бірнеше қабір қазуды сұраған, бірақ еш жерде олардың COVID-19 құрбандарына арналған деп хабарланған жоқ. Кейіннен сюжетті түсірген журналист Марла Бермудес көпшілік алдында сөз сөйлеп, теледидардан жерлеу рәсімі қойылымдары көрсетіледі деген қауесетті жоққа шығарды.
Сонымен, таратылған топтамаға енгізілген барлық видео контекстен үзіп алынған немесе COVID-19 пандемиясына мүлдем қатысы жоқ. Олардың ешқайсысы аурудың жоқтығын және одан қайтыс болған адамдардың саны қойылымдық сюжеттер мен жалған жаңалықтар арқылы арттырылатынын дәлелдемейді.